Пластикалық ыдыс обырды оята ма?

19.02.2018
Қаралды: 230

Британдық Эксетерск университетінің ғалымдары пластикалық ыдыс арқылы адамның ағзасында обыр ауруы пайда болуы мүмкін дейді.

 

Мамандар пластикалық бөтелкелер мен контейнерлер құрамында болатын «бисфенол» химиялық қоспасы денсаулыққа аса қауіпті деп отыр. Олар эксперимент ретінде 94 жасөспірімнің зәрін зерттеп, 86 пайызында бисенфол қоспасын анықтаған. Ыдыс арқылы тамаққа түсетін улы заттан ағзасын тазарту үшін пластикалық ыдыс­тарды мүлдем қолданбай да көріпті. Алайда ол ағзадағы бисфенолдың жойылуына көмектеспеген. Ғалымдар әсіресе ұзақ қолданатын су бөтелкелерінен қауіп күшті дейді. Ал «Brіtіsh Plastіcs Federatіon» ұйымы бұл зерттеу нәтиже­лерімен келіспей отыр. Олар пластмассадағы бисфенол зияны тым әсіреленген дейді.

 

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ