Инсультке ұшырағандарды аяғына тұрғыза алады екен

03.07.2019
Қаралды: 135

Бұл мақаланың басы «Замананың» №1007, 1009, 1013, 1021, 1024-ші нөмірлерінде жарияланған болатын. Бүгін соны жалғастырып отырмыз. Сәуір айындағы №1024 нөмірінде І топтағы мүгедек науқас Досбол Даниярұлының ем қабылдап жатқаны туралы жазған едім. Бүгін сол Досболдың қызы Шолпанның айтқандарын назарларыңызға ұсынып отырмын. Ол былай дейді:

 

«Менің әкем Досбол Жұмабеков (тел.: 8-708-316-99-50, Шымкент қаласы, «Қайт­пас-1» шағын ауданы, №490 уч.) 2018-жылы 8-сәуірде қан қысымы көтеріліп, инсульт алған еді. Аурухананың жансақтау бөлімінде екі аптадан аса уақыт жатты, бас сүйегіне  жедел операция жасалды. Одан соң екі апта қосымша ем алды. Сосын үйде жатып қалды.

 

Сол жағынан қолы, аяғы істемей қалған әкемді әртүрлі мамандарға көрсетіп, емдеттік, массаж жасаттық, ол ине терапиясын алды. Бұл емдердің оған аздаған көмегі болды.

 

Ал қазіргі кезде әкеме Жылқыайдар емші өз жәрдемін көрсетуде, оған физикалық жаттығулар жасатады. Әкеме оның психологиялық тұрғыда да көп көмегі тиді. Соның арқасында жағдайы бұрынғыдан жақсарып, көңіл-күйі көтеріліп, қан қысымы бірқалыпты бола бастады. Аяқ-қолы қимылға көнуде, қазіргі таңда өздігінен отыра алатын, жылжи алатын болды. Біз осыған қуанып жүрміз. Осы үшін бірінші­ден Аллаға шүкір дейміз, екіншіден Жыл­қыайдар көкеге айтар алғысымыз көп.

 

Негізі әкемнің құлағы естімейді. Жылқыайдар көке сонда да оған жақсы қарап, көмегін тигізуде. Енді жаттығуларды үзбей жасаай берсе, әкем жақын уақытта аяғына тұрып кетеді деген үміттеміз.

 

Әкеме жасаған жәрдемі үшін ол кісіге зор денсаулық тілейміз, көмек қажет болған жандарға жәрдемі тие берсін деген тілегімізді білдіреміз».

 

Міне, оңалтушы дәрігер Жыл­қы­айдардың көмегін көрген адам осылай дейді. Осы орайда қажет еткен жандар­ға пайдасы тиер деген ниетте онымен қалай байланысуға болатыны жөнінде айта кетуді жөн көріп отырмын.

 

Жылқыайдар емшінің байланыс телефоны: 8-702-871-00-26.

 

Ол Шымкентте ғана емес, Ақтау, Нұр-Сұлтан қалаларында тұратын ауыр мүгедектік топтағы инсульт алған науқастарға да оңалту-емдеу шараларын олардың өз үйлерінде жүргізеді.

 

Ө. ЖЫЛҚЫАЙДАР.

(Жалғасы бар).

 

Лицензия №16003147, 28.01.2010-жылы Қазақстан Халықтық және рухани емшілер қауымдастығы берген.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ