Кейбір ит кей адамнан да ақылды

06.10.2016
Қаралды: 944

Венгр ғалымдары иттің сөз түсінетінін дәлелдеді. Олар 13 иттің миын магнитті-резонанстық томография арқылы тексеріп көрген. 

Иттерге иелерінің айтқан мақтау сөздері жағымды үнмен тыңдатылған. Иттердің миында бұл сөздер марапат ретінде қабылданыпты.

Кейін дәл сондай жағымды үнмен, бірақ бұл жолы басқа сөздер айтылған. Алайда бұған байланысты иттің миында алдыңғыдай құбылыс байқалмаған. Яғни иттердің иелері қолданған сөздерді дауыс ырғағына қарамастан ажырата алатынына көз жеткізілген.

Зерттеулер нәтижесінде иттің де адам секілді сөздерді түйсіну үшін мидың сол жақ жартысының, ал дауыстарды түйсіну үшін оң жақ жартысының қызметін пайдаланатыны анықталыпты.

Сондай-ақ иттің бір затқа жұмсап, алып келуі үшін айтылған 1000-ға жуық сөздерді ажырата алатынына да көз жеткізіліпті.

Қазақ итті «Жеті қазынаның бірі» деп тектен-тек айтпаса керек.

Т. ӘДІЛЕТ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ