Ректорлар қалай байып жүр?

27.09.2016
Қаралды: 1126

Еліміздегі 500 мыңдай сту­денттің 30 пайызы ғана мем­лекеттік грантпен оқиды екен. 70 пайызы халықтың өз мойнында. Оқу ақысын жоғары оқу орындары қалай жұмсайды екен?

Баласының оқуға төлеген ақшасының қайда, қалай жұмсалғанын бір центін қалдырмай көрсеткен есеп-қисабын Батыс университеттері студенттің ата-анасына жыл сайын жіберіп, басын ашып алады. Бізде – құмға құйған судай. Ақшасын төлесе, баласы диплом алып шықса, бітті. Ешбір қазақ ректордан берген ақшасының есебін сұрамайды, сондай жомарт. Осыны тиімді пайдаланған кейбір ректор баюды ғана көздеп, айналасына «ақша жасайтын» пысықайларды жинап, біліктілерді кері итереді. Парадан басқаны ойлаудан қалған. Ақыры студент жатақханасыз, оқулықсыз, ең қиыны – сапалы білім ала алмай қалатыны өкінішті.

Қуандық ШАМАХАЙҰЛЫ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ