Карантин жазға дейін жалғасуы мүмкін

21.04.2020
Қаралды: 284

Қазақстанда «COVID-19» вирусын жұқтырғандар саны екі мыңға жуықтады. Бірақ дерттің өршу шыңы әлі алда. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов осылай дейді.

 

«Қазақстанда коронавирустың өршуі, сосын төмендеуі үш айға созылады. Бұл наурыз, сәуір, мамыр айлары. Дегенмен мамыр айы біткен соң, бұл жағдай сап тиылады деген сөз емес. Инфекция одан кейін жойылып, мүлде жоқ болып кетпейді. Ауру жұқтырғандар мамырдан кейін – жазда да, одан әрі де тіркеле беретіні анық. Сондықтан бұл жағдайға үйренуімізге тура келеді.

 

Бұл инфекция өте тез жұғады, жылдам таралады. Кейбір жағдайларда өте ауыр жағдайларға соқтыратынын көріп отырмыз. Осы себепті эпидемия өршуі басылған соң да, қазіргі сақтық, арақашықтық сақтау шараларын сақтау маңызды. Бұл үнемі, өне бойы карантин режимінде өмір сүрмеу үшін керек.

 

Мамыр айының соңына қарай елде коронавирус жұқтырған адамдар саны 3500-ге жетуі мүмкін. Қазіргі жағдайлары бағамдай келе біз осылай болжап отырмыз. Одан кейін қанша жағдай тіркеледі, оны дөп басып айту қиын. Мәселен, Жапония мен Сингапурде инфекция қайта өршіп жатыр. Сондықтан дәл де, нақты болжам жасау мүмкін емес», – деді министр.

 

«Замана» - ақпарат.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ