Мамыр айында қазақстандықтарды не күтіп тұр?

18.04.2020
Қаралды: 419

Әлемді жайлаған індет барша жұртты алаңдатуда. Содан да болар, елдің мазасын қашырған бұл мәселеге байланысты біршама экстрасенстер, көріпкелдер, емшілер өз болжамдарын алға тартуда. Олардың қатарында картамен бал ашатындар да бар. Солардың бірі ‒ Марина есімді таролог. Ол өзінің әлеуметтік желідегі Youtube каналында мамыр айына таро болжам жасап, мынадай сұрақтарға жауап айтыпты:

 

‒ Билікте өзгерістер бола ма?

 

‒ Өте ауыр карталар түсіп тұр. Билік басындағыларда түсініксіз бір жайттар болып жатқан секілді. Қазақстан билігі күрделі жағдайларды бастан өткеруде. Өз араларында ішінара соғыс жүріп жатқандай. Бұл қандай да бір дау-дамайлар немесе өзара бөлісулер болуы мүмкін. Бәлкім карталар алда не күтіп тұрғанын білмей, биліктің сары уайымға түсе бастағанын көрсетіп тұрған да шығар. Бірақ, мамыр айында билік ауысады немесе жаңадан бір адам келеді деп айта алмаймын. Мамыр айында билікте өте ауыр жағдайлар орын алады. Жуық арада мұның соңы болмайтын сияқты.

 

‒ Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны бәсеңдей ме, әлде өрши ме?

 

‒ Қазақстанда ауырғандар саны көбейіп, ахуалдың күрт нашарлауын көріп тұрған жоқпын. Рас, ел ішінде вирус аздап-ақырындап жайылып келе жатыр. Бірақ, бұл адамдардың ауқымды бөлігін қамтиды деуге келмейді. Ондай қиындықтар орын алмайды. Карталар жағдайдың тұрақталатынын және тұрақталып келе жатқанын айтады. Тіпті, мамыр айында коронавирустың таралуы тоқтайды деп айтар едім. Оны тоқтатады. Вирустың Италия мен Испания елдеріндегідей өршуі болмайды. Бұл кез келген тұмау немесе басқа да бір инфекция сияқты белгілі бір мөлшердегі адамдарға ғана таралады, бірақ өте кең ауқымды қамтымайды.

 

‒ Қалааралық ішкі бекеттер алдағы айда ашыла ма?

 

‒ Сіздерге бірден айтайын, әзірге бәрін жабық күйінде ұстайды. Билік басында отырған бір ер адам қалааралық шекараларды әлі де жаба тұру туралы нұсқау береді. Әсіресе, Нұр-Сұлтан, Алматы секілді ірі қалалардағы бекеттер ашылмайды. Мұнда тек жарым-жартылай, яғни ауыл-аймақтарға өтетін жолдар ғана ашық болуы мүмкін.

 

‒ Қазақстандықтарда мамыр айында қаржылық қиындықтар бола ма?

 

‒ Жоқ. Қазақстан халқын қаржы жағынан сұмдық қиындықтар күтіп тұр деп айту қиын. Бұл жерде жұмыссыз қалып, карантинде отырғандар туралы айтып тұрған жоқпын. Жалпы алғанда, Қазақстан бұл айда ашықпайды. Бәрі тұрақты болады. Біз басқа жақтан қандай да бір қолдау, Үкіметтен қандай да бір жаңалықтар күтетін боламыз. Шекаралардың, сауда үйлерінің ашылуын, қалыпты жағдайға оралатын уақытты күтетін боламыз. Бірақ, мамыр айында мекемелер жарым-жартылай ашыла бастайды. Адамдар жұмысқа шыға алуы үшін кей орындардың қызмет көрсетуіне рұқсат береді. Мүмкін бұл ірі дүкендер мен сауда орындары болуы мүмкін. Соған байланысты халықтың қаржылық жағдайы қалыпқа келе бастайды.

 

Мамырда азық-түлік тапшылығы орын алмайды. Бұрын қандай болса, алда да солай болады. Биліктегілер жұмыссыз қалғандарға қаржылық қолдау көрсетуі де мүмкін.

 

‒ Келесі айда Қазақстанды не күтіп тұр?

 

‒ Ахуал айқын емес. Сәуірде қандай екіұдай күйде болсақ, мамырда да дәл сондай жағдайда боламыз. Үміт, уайым, болашаққа жоспар карталары түсіп тұр. Біржақты жауап жоқ. Яғни, ештеңе анық емес, ештеңе белгілі емес. Мамырда да осындай күйде қаламыз. Адамдарда бәрі қалпына келеді деген үміт басым. Бірақ бізді нақты не күтіп тұрғаны белгісіз. Тек күтетін боламыз.

 

...Әрине, бұл тек болжам ғана. Ал оның қаншалықты шындыққа сай келетінін алдағы уақыт қана көрсете алады.

 

М. ШУАҚ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ