42.500 теңге бойынша жиі қойылатын сұрақтар мен жауаптар

03.04.2020
Қаралды: 478

Сұрақ: Мені төтенше жағдайға байланысты үйде отырып жұмыс істеуге жіберді. Маған 42.500 теңге төлене ме?

Жауап: Жоқ. Төленбейді. Өйткені сіздің айлығыңыз сақталады.

 

Сұрақ: Мені ақшасы төленетін еңбек демалысына жіберді. Маған бұл сома төлене ме?

Жауап: Жоқ. Төленбейді. Өйткені Сіз ақшасы төленетін еңбек демалысына шықтыңыз.

 

Сұрақ: Мен жұмыс істейтін мекеме Төтенше жағдайдың кесірінен тоқтап, ақысыз демалыс берілді. Мұндай жағдайда төлем беріледі ме?

Жауап: Иә. Сізге 42.500 теңге беріледі.

 

Сұрақ: Мен бала күтушімін. Күйеуім – таксист. Бірақ бізде «пенсионка» жоқ. Мұндай жағдайда не істейміз?

Жауап: Сіздер 42.500 теңге бойынша өтініш тастай аласыздар. Өйткені сіздер төтенше жағдайға байланысты табыстарыңыздан айрылып отырсыздар. Аталған мәселе бойынша Egov.kz сайтындағы «Электронное обращение» деген сервиске кіресіз. Өзіңіздің өтінішіңізді тастайсыз. Ол жерде ЖСН (ИИН), карточкаңыздың шоты, байланыс телефоныңыз туралы мәліметтерді толтырасыз.

 

Сұрақ: Мені жұмыстан шығарып жіберді. Яғни қысқартуға ұшырадым. Маған 42.500 теңге беріледі ме?

Жауап: Жоқ, Сізге берілмейді. Бірақ сіз жәрдемақы (пособия) ала аласыз. Сізді жұмыстан не үшін шығарды, себебін қарамайды. Берілетін жәрдемақының көлемі сіздің алып жүрген жалақыңыздың 40 пайызы. Мәселен, сіз айына 100 мың теңге алып жүрсеңіз, 40 мың теңге жәрдемақы төленуі тиіс. Бұл мәселе төтенше жағдайға қарамайды, 6 (алты) ай бойы төленеді.

 

Аталған мәселе бойынша Egov.kz порталы арқылы «жұмыссызбын» деп тіркелесіз, болды. Яғни, порталдан өтініш бересіз. 3 күннің  ішінде сізге жұмыс іздейді. Табылмаса, жұмыссыз ретінде тіркейді. Артынша сізге «тіркелдіңіз» деген смс-хабарлама келеді. Ары қарай есеп-қисап жүргізіліп, тиісті қаражат аударылады.

 

Шымкент қалалық Халықты жұмыспен қамту орталығының баспасөз қызметі.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ