Елімізде коронавирустан 1 адам қайтыс болды

27.03.2020
Қаралды: 239

Кеше, 26-наурыз күні, 20:30 сағат шамасында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев шұғыл түрде тікелей эфирге шығып, Қазақстанда коронавирустан бір адам қайтыс болғанын мәлімдеді.

 

"Бұл шұғыл брифинг, өкінішке қарай, бүгін коронавирустан Қазақстан азаматы - әйел адам қайтыс болды. Марқұмның туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз, бұл - орны толмас қаза. Осы оқиға коронавирустың қаншалықты қауіпті екенін көрсетіп отыр. Біз үшін бұл - үлкен сынақ. Биліктің оқшаулауға қатысты талаптарын орындап, төтенше жағдай мен карантинді сақтау қажет. Үйде болыңыздар, аман болайық" - деді ол.

 

Министрдің айтуынша, ертең қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қайтыс болған әйел туралы толық ақпарат береді.

 

Сондай-ақ министр 28-наурыздан бастап Нұр-Сұлтан, Алматы мен Шымкент қалаларында жаңа шектеулердің енгізілетінін еске салды.

 

"Бұл коменданттық сағат емес. Алайда төтенше жағдайдың барлық талабын сақтауды сұраймыз", - деп түйіндеді ол.

 

"ЗАМАНА".

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ