Вирусқа қарсы иммунитетті күшейту керек

19.03.2020
Қаралды: 580

Таяуда әлеуметтік желіде өзін Аққайша Балтабайқызы деп таныстырған дәрігер коронавирустан сақтанудың жолдарын айтты. Ол өзінің 42 жылдан бері дәрігер болып істейтінін алға тарта келе, өз тәжірибесінен түйгендерін жеткізді. Ол былай дейді:

 

«Елде коронавирусқа байланысты  сұрақтар өте көп. Сол сауалдарға жауап бергім келіп отыр.

 

Вирус деген нәрсе иммундық жүйесі күшті адам­ға отыра алмайды. Сол үшін біз өзіміздің иммуни­тетімізді күшейтуіміз керек. Оны қалай істейміз?

 

Ең бірінші, адамның жеке бас гигиенасын сақтаған дұрыс, оған қолды, мұрынды сабындап жуу кіреді. Сонымен қатар адамдар отырған жерде ауызды жауып түшкіру мәдениетін сақтау керек.  Өйткені бір адам түшкіргенде өзі отырған ортаға триллион вирус шығады екен. Егер сол жерде отырған адамдардың иммундық жүйесі нашар болса, ауруды жұқтырып алу қаупі бар.

 

Бізде «местный иммунитет» деген нәрсе бар. Бұл – вирус кіретін мұрын, ауыз қуысы. Оны күшейту үшін не істеу керек?

 

Біздің аузымызда өте көп лимфа жүйесі бар. Ол дұрыс жұмыс істесе, иммунитет мықты болады. Сол үшін таңертең немесе кешкісін тамақтан бұрын бір ас қасық өсімдік майымен ауызды барлық қуысына баратындай етіп шаямыз. Ол күнбағыстың, жүгерінің немесе зәйтүн майы болуы мүмкін. 5-10 минуттан соң түкіріп тастайсыз. Сол кезде ауыздағы сарғыш май ағарып, түрі жаман болып түседі. Бұл – ауыз қуысындағы бүкіл токсиндерді жинап түсті деген сөз. Содан кейін жарты шай қасық тұзды жарты стакан суға араластырамыз да, сонымен ауызды тағы бір рет шайып тастаймыз. Осылайша жергілікті иммунитетті  күшейтеміз.

 

Далаға шыққан кезде де оксалин майы, болмаса оның орнына вазелинге эфир майын тамызып, соны мұрынның жан-жағына жағып қою керек».

 

Осылай деген дәрігер сөз арасында  дұрыс тамақтанудың маңызын да түсіндіре кетті. 

 

«Біз не нәрсені болса да мимен қабылдаймыз. Егер адамның ми жүйесі қалыпты болса, көп нәрсені қабылдай бермейді. Қазір әлеуметтік желі арқылы неше түрлі ақпараттар келуде. «Коронавирус келе жатыр», «ондай екен», «мұндай екен» дегенді естіген кезде біз қорқамыз. Бойда қорқыныш сезімі жоғарылайтын болса, миымызды тығырыққа тірейміз. Ми – бүкіл ағзаға нұсқау беріп отыратын басқарушы орган, ол тығырыққа тірелген кезде қызметі бұзылады. Соның әсерінен өзіміздің иммундық жүйемізді әлсіретіп аламыз. Сондықтан барлығын жақын қабылдай бермей, барынша сақтанып жүруге тырысу керек.

 

Дұрыс тамақтану да маңызды. 1 литр суға 1-2 грамм теңіз тұзын салып ішу керек. Ішетін тамағымыз жеңілдеу болғаны жақсы. Жатар алдында тамаққа тойып алудан сақтаныңыз. Ол кезде ас дұрыс қорытылмайды, дұрыс қорытылмаған ас ағзаны улайды. Тұтынатын тамағымыздың сапасы дұрыс болуы керек. Өзіміздің қазақи тағам – ең жақсысы. Қолдың сүті, еті, халал сойылған малдың сорпасы – барлығы да өте жақсы тағамдар.

 

Уханьдағы жағдайды айтар болсақ, ол жақтың тамағының өзі дұрыс емес. Бақа-шаянды қуырып, түрлі нәрсені қосып ас дайындайды. Дүкенде сатылатын сусындарды ішеді. Оның бәрі қанды қыш­қылдандырады. Ал қышқылданған ортада вирустар жақсы өмір сүреді. Сол үшін біз тамағымызды дұрыс­тауымыз керек.

 

Ал масканы екі сағаттан артық тағуға болмайды. Олай болмаған жағдайда оған инфекцияның бәрі отырады да, сонымен демалатын боламыз. Сондықтан оны жиі-жиі ауыстыру керек. Үйдің ауасын тазартып тұру, ылғал шүберекпен сүрту секілді ережелерді де сақтайық. Сол үшін жеке басымыздың гигиенасын сақтап, жергілікті иммунитетті көтерудің жолын жасайық. Сонда бізге ешқандай вирус қорқынышты емес»,  – дейді ол.    

 

...Иә, «Сақтансаң – сақтайды» деген бар. Аурудан аман болайықшы!

 

М. ЫБЫРАЙ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ