Өзбекше білмесең, Өзбекстан азаматы бола алмайсың

10.03.2020
Қаралды: 444

Өзбекстан Сенаты «Азаматтық туралы» Заң жобасын мақұлдады. Онда ел тұрғындарының азаматтық алуына байланысты бірқатар әкімшілік шараларды жетілдіру көзделген.

 

Бұл заңның жаңартылған нұсқасында «тұруға ықтиярхат», «шетел азаматы», «шетелде тұрақты тұрып жатқан Өзбекстан азаматы», «азаматтығы жоқ тұлға» деген сияқты ұғымдар нақтыланған. Сондай-ақ оған «отандас» деген де ұғым ендіріліп отыр. Отандастар үшін азаматтық алудың жеңілдетілген жолы қарастырылған.

 

Сондай-ақ жаңартылған Заңның мынадай талабы бар: Азаматтық алғысы келетін адам мемлекеттік тілді кем дегенде қарым-қатынас жасай алатындай деңгейде білуі тиіс. Министрлер кабинеті осыған орай тілді меңгеру деңгейін анықтайтын ереже әзірлейтін болды.

 

Енді Өзбекстанға 1995 жылдың 1-қаңтарына дейін барып, содан бергі уақытта онда тұрған адам, егер ол өзі ынта танытса, Өзбекстан азаматы болып саналады. Азаматтық беру мәселелері Президент жанындағы Азаматтық жөніндегі комиссияда қаралатын болады.

 

Бүгінде Өзбекстанда азаматтығы жоқ 50 мыңдай адам тұрып жатыр екен. Жоспар бойынша, егер қаласа, биылғы жылы олардың барлығына да Өзбекстан азаматының паспорты берілетін болады.

 

Ж. ЕЛІБАЙ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ