Ел де, жер де – қазақтікі!

10.03.2020
Қаралды: 219

Кешегі Қордай мәселесін өте тиянақты да қатаң түрде тексеру керек. Ондағы кей билік өкілдері ақшаға сатылған болуы мүмкін. Әйтпесе суармалы жерлердің бәрін дүнгендердің алып қойғаны қалай? Қазақ мал жаятын жер таппай жүргенде олардың есіріп кетуі осыдан деп ойлаймын.

 

Енді сол берілген жерлердің қағаздарын мұқият тексеріп, кінәлі адамдарды қатаң жауапқа тарту керек. Бұл – бірінші мәселе. Келімсектер әбден даңдайсып кетті, оларды тәртіпке шақыру керек. Өйткені мұндай жағдайлар соңғы кезде белең алып бара жатыр. Арнайы бір бағдарлама дайындап, соны Мәжіліс бар, Сенат бар, тездетіп жолға қою қажет, онсыз болмайды. Бұл келімсектер бәрін де сатып алуға болады деп ойлайды, соған қарсы әрекет жасау шарт.

 

Естуімше, дүнгендерді әскер қатарына алмайды екен. Дұрысы, оларды әскерге алып, тәрбиелеу керек, қазақ елінің тарихын, салт-дәстүрін оқыту өте қажет. Менің ұсынысым, барлық келімсектерді әскер қатарына алып, өз алдына полк, батальон жасақтап пайдалану керек. «Стройбатқа» алып, үй салдыру керек. Базарларын да тексеріп, жалпы базарға теңестіру қажет. Бұлар семіздіктен құтыра бастады.

 

Ал Ассамблея дегенді таратып жіберу керек. Ондағыларға жалақы, кабинет берудің қажеті жоқ. Өйткені ол ешқандай пайдасы жоқ бір құрылым.

 

Қазақ мемлекетінің негізін қалаушы ұлт – қазақ. Ел де, жер де қазақтікі. Ал келімсектер ертерек өз жөндерін тауып, кетуі керек. «Ер – туған жеріне, ит – тойған жеріне» деген, ата-бабаларының туған жеріне, елдеріне ертерек кеткені мақұл. Әйтпесе, осы елде тұрғысы келеді екен, шаңыраққа қарасын, елді, жерді сыйласын. Қазақстанда тұрып жатқан барша этнос өкілдері осыны ұмытпаса екен.

 

Айдарбек ҚЫДЫРБЕКҰЛЫ, еңбек ардагері.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ