Ашынғаннан кеңірдегімді жұлып алғым келіп тұр

08.07.2019
Қаралды: 279

«Теңіз» кенішінде орын алған жағдайлар жұмысшы жігіттердің арабтарды таяққа жығуына себепші болғаны белгілі. Осыған қатысты «WhatsApp» желісі арқылы тараған бір дыбыстық жазба жариялаған азамат былай дейді:

 

«Араб еліне біздің қазақ барып қиянат жасаса, олар оның басын не қолын шаба салады, сөйлеспейді. Бізді сонда мал санағаны ғой. Бұл жаққа келіп ойран салуға болады деп, қытайы да, иті де, биті де қазақты қорлады. Қазақ намысы бар екенін көрсетті.  Анау қызды алып келіп, быт-шытын шығарып, әке-шешесін алып, бүкіл дүниеге көрсетсе бүкіл қыздарға сабақ болады. Дәл солай қонақүйлерде жезөкшелік жасап жүрген қазақтың қыздарының аяқ-қолдарын сындырып, «әке-шешеңді шақыр» деші, ешкім келмейді.

 

Баяғыда, 1960 жылдары мини-бикини деген сәнге айналған. Бүкілі санын жалтыратып, қысқа көйлек киген. Сонда өзбектер не істеді? «Балам, бері келші», – деп шақырып алады да, санын пышақпен тіліп жібереді. Сөйтеді де: «Әкеңе барып айт, менің атым – Абдулла, мына шайханада отырамын», – дейді. Ол қыз әкесіне айтпайды, қорқады. Содан бүкіл Өзбекстан күрт тыйылды. Әйтпесе үйлерінен ұзын көйлекпен шығып, қысқа көйлегін көшеде ұрланып киіп жүрген кездер болған».

 

Аудиожазба иесі бұдан ары қарай жастар жайында, Арыс оқиғасы туралы да сөз қозғайды.

 

«Бізде қазақ ыдырап, шіріп кеткені соншалық, ауылға барсаң, ат үйрететін бала жоқ. Жүген, ноқта, бишік есетін, асау үйрететін бала жоқ. Ер-тоқым жоқ. Қолдарында – ұялы телефон, басқа түк істемейді. Бәрі физикалық тұрғыдан сау емес, бәрі ауру. Әскерге барып, екі-үш шақырым жүгірсе, тілдері салақтап, өліп қалып жатыр.

 

Соңғы отыз жылда өскен балалардың сана-сезімдері төмендігі соншалықты, полицияға кіргендері өз халқына шауып жатыр. Бізде сая­сат дұрыс емес. Біз бұлай ел бола алмаймыз, дәл осылай кете берсе, бір күні бытыраймыз.

 

Салт-сана, дәстүр, мәдениет болуы керек. Ауыл ақсақалдары ұйымшылдық жасап, жастарды жақсыға үйретіп, ата-бабалар туралы айтып, үйірмелер ашып, жүген, ноқта, бишік өргізіп, балаларды атқа, бәйгеге үйретіп, тазы, бүркіт ұстатса деймін. Жоқ, керісінше, стакан ұстаған шалдар ауылда қыртып, тілдерін шайнап әлі отыр. Міне, соның нәтижесі отыз жылдың ішінде осындай болып шыға келді. Кейде бәрінен күдер үзесің.

 

Ал енді кеше Арыста не істеді? Бұрын, Кеңес үкіметінің кезінде мемлекеттің қорында алты ай тамақтандыратын ақша болатын. Бізде зардап шеккендерге төрт күнге тамақ тауып бере алмады, бәрін халық тасыды. Ертең бірдеңе бола қалса, қырыласың, әскерде тамақ жоқ, қойманың бәрін сатқан, ұрлаған. Ұшақтарды сатқан адамнан не сұрайсың?! Қазір солар қаһарман атанып отыр. Қаһарман деген не ол? Бейбіт заманда не істеп еді олар?

 

Кеше адамдарды қайтадан Арысқа кіргізе салды. Арыстың ішінде толған снаряд... Саперлар не істеп жүр? Бізде саперлар жетіспейді, өтірік бәрі. Баяғыда әрбір дивизияда саперлар батальоны болған. Қазір ондай жоқ. Не әскер бұл?

 

Жастардың бәрі не істерін білмейді. Намыс жоқ. Біз 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі кезінде тісін ішіне қаратып, үш күн қырып бергенбіз. Қазір жастарда ондай жүрек те, рух та, намыс та жоқ. Анау атыраулықтар жарады. Шықса, сол жақтан бірдеңе шығады.

 

Ал әлгіндей қыздарды ұстап алып бытырлатып сабаса, екінші сондай нәрсеге бармайды. Ұйым құрып, бәрін ысқырту керек. Сонда тәртіп болады. Мына көрші тұрған қырғыздар елін жезөкшелерден солай тазалап алды ғой. Қыр­ғыздың да, өзбектің де жезөкшелері қазір біздің елде жүр. Полиция ақша алады да, жібере салады. Ондай болмауы керек. Тазалау керек.

 

Баяғыда ат тұяғының дүбірімен бүкіл әлемнің тізесін дірілдеткен қазақ бүгін «чмо» болып жүр. Ашынғаннан кеңірдегімді жұлып алғым келіп тұр. Қайтесің енді? Осылай қиналасың да қоясың. Әйтеуір жүрген жерде жастарды қайрап қоясың. Басқа не істейсің? Айтарым осы. Жарайды, аман болайық», – дейді ол.

 

«Ашынғаннан шығады ащы даусым» де­мекші, бүгінгі тынышы кеткен қоғамның бет-бейнесіне көңілі толмай, ойындағысын шырылдап жеткізген бұл кісі кім болды екен? Не десе де сөзінің жаны бар-ау.

 

М. БИБОЛ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ