Қызметін пайдаланып қылмыс істеген, оған күйеулерін де араластырған

20.06.2019
Қаралды: 280

Солтүстік Қазақстан облысында екі мемлекеттік қызметші әйел сотталды. Олармен бірге қылмысқа қатысқан күйеулері де түрмеге түсті.

 

Петропавл қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі Б.Өмірсейітова мен сектор инспекторы Ж.Есетова иелерінен сот шешімімен еркінен тыс алынған 9 пәтерді иемденген. Олардың жасаған қылмысы нәтижесінде мемлекетке 96 миллион теңге зиян келген.

 

Осы іс бойынша жүргізілген  сотта айыпты деп танылған әйелдердің әрқайсысы 6 жылдан бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Ал олардың осы қылмысқа қатысқан күйеулерінің әрқайсысы 5 жылға сотталды.

 

"Замана".

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ