Сарыағаштың тумасы Нұр-Сұлтанға әкім болды

18.06.2019
Қаралды: 243

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтан қаласының әкімі қызметіне тағайындалды.

 

Алтай Сейдірұлы Көлгінов 1978 жылы қазіргі Түркістан облысының Сарыағаш ауданында өмірге келген. Халық­аралық қазақ-түрік университетін, Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын, Ұлыбританияның Абердин университетін бітірген. Мемлекеттік «Болашақ» бағдарламасының түлегі. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген.

 

А.Көлгінов кезінде Әділет министрлігінде, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде, Бас Прокуратурада, Президент Әкімшілігінде жауапты қызметтер атқарған. Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Орал қаласының әкімі болған. 2016 жылдың наурыз айынан бері Батыс Қазақстан облысының әкімі лауазымын атқарып келді.

 

...Ал Нұр-Сұлтан қаласының әкімі қызметін 2018 жылдың қыркүйек айынан бері атқарып келген Бақыт Сұлтанов басқа жұмысқа ауысуына байланысты бұл лауазымнан босатылды.

 

"Замана".

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

Пікір қалдыру

1000 символ