Тақтадағы жарнама қайда кетті?

23.05.2019
Қаралды: 271

Бүгінде Шымкент көше­лерінде Президент сайлауына түсетін үміткерлердің жарнамалары көзге түсе бастады. Әсіресе Қ.Тоқаевтың плакаттары көпқабатты үй қабырғаларынан, жарнама тақталарынан, аялдамалардан жиірек байқалады. А.Таспихов пен Ж.Ахмет­бековтің баннерге орналастырылған жарнамаларын Халықтар достығы үйінің маңынан және Дулати көшесінің Тәуке хан даңғылымен қиылысынан көзіміз шалды.

 

Кешегі сейсенбі күні түскі сағат 14.00 шамасында осы Тәуке хан даңғылының Т.Орынбаев көшесімен қиылысқан жеріндегі жарнама тақтайшасына орналастырылған екі үміткердің сайлауалды тұғырнамаларын көріп едік. Арада бес-алты сағат өткесін сол маңға жолымыз түскенде жарнама тақтайшасын танымай қала жаздадық. Онда бір үміткердің ғана жарнамасы тұрды. Жанындағыларды біреу ұқыптап қана ажыратып алып кеткен сияқты. Жел ұшырды ма дейін десең, ол кезде ауа тұнық еді. Жыртылып, жерде жатқан плакат та көрмедік.

 

Ал ертеңіне, сәрсенбі күні кешке қарай әлгі жарнама тақтайшасынан ешқандай да плакат, жарнама атаулы көзге шалынбады.

 

Сонда олар қайда кетті? Түсініксіз...

 

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ