Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!

09.05.2019
Қаралды: 337

Бүгін қасиетті де қастерлі мереке – Ұлы Жеңіс күні. Аға ұрпақтың Ұлы ерлігін мәңгілікке есте сақтауға арналған ең қастерлі де мәртебелі мереке күн. Бұл – аға буын өкілдерінің жанқияр ерлігі мен еселі еңбегінің жемісі. 

 

Міне, 1941 жылы басталған сұрапыл соғыстың аяқталғанына биыл 74 жыл болды. Сол жылдың маусым айынан бастап КСРО-ның миллиондаған әскерімен бірге, қазақ жауынгерлері де Ұлы Отан соғысына аттанып, өзінің батылдығымен, қайсарлығымен көзге түсіп, жеңіске жетуге елеулі үлес қосқан еді. Егер батыр ардагерлеріміздің жеңісі болмаса, мүмкін әлем картасында Тәуелсіз Қазақстан елі да болмас па еді. Сондықтан, Отан үшін жан қиғандарды еске алып, олардың рухтарына бас иіп, тағзым ету – бүгінгі ұрпақтың мәңгілік парызы болып қала бермек.

 

Адамзат тарихындағы ең қатыгез соғыста жеңімпаз атанған әкелердің, ағалардың, аталардың ұрпағы екенімізді әрдайым мақтан етейік және қазақ халқын 9 мамыр - Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Бейбіт өмірді сыйлаған ардагерлеріміз әрқашан аман болғсын дейік.

 

"Замана". 

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ