Мэлс Елеусізов үшінші мәрте бақ сынамақ

22.04.2019
Қаралды: 234

«Табиғат» экологиялық одағының президенті Мэлс Елеусізовтің елімізде 2005 және 2011 жылдары болған Президент сайлауларына қатысқаны белгілі. Ол кісі енді тағы да бір бақ сынамақ ниетте.

 

Кешегі аптада М.Елеусізов тиісті құжаттарын өткізу үшін Орталық сайлак комиссиясына барды. Ол сайлауға өзі басқарып отырған қоғамдық ұйым атынан түспекші.

 

М.Елеусізов сайлау комиссиясының тіркеуінен өте алмаса да өзінің экологияға қатысты үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыра беретінін айтып отыр. Ол кісі өзінің партия құрып, алдағы болатын Парламент сайлауына қатыспақ ниеті барын да жеткізді.

 

Н. ЖҮНІС.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ