ЖСДП сайлауға қатыспайтынын мәлімдеді

21.04.2019
Қаралды: 221

Алдағы 9-маусымда өткізілетін кезектен тыс Президент сайлауына дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Дегенмен әзірге саяси партиялардың әрекеті баяу, ешқайсысы да өз үміткерін ұсына қойған жоқ.

 

Ал кешегі аптада Жалпыұлттық социал-демократиялық партия өкілдері Президент сайлауына қатыспауды ұйғарғанын жариялады. Бұл жөнінде партия төрағасы Жармахан Тұяқбай мәлімдеді.

 

«Бүгін Саяси Кеңестің партия үміткерін ұсына ма, ұсынбай ма деген мәселе төңірегінде отырысы болып өтті. Мәселені талқылай келе мұндай сайлауға қатыспайық деген шешімге келдік», – деді ол кісі.

 

Ж.Тұяқбай өзі басқарып отырған партияның алдағы сайлауға қысқа уақыт ішінде дайындалып үлгермейтінін айтты. «Сайлауға қатысқанның өзінде нәтиже белгілі. Сондықтан сайқымазақ болып жүргенді жөн көрмедік. Бірақ партия қарап отырмайды, экономикалық, әлеуметтік, саяси жайлардың бағыт-бағдары, қауіп-қатерлердің алдын-алу бойынша түсіндіріп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізе береді», – деді Ж.Тұяқбай.

 

"Замана".

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ