Президент сайлауын өткізуге 12 миллиард теңге керек

11.04.2019
Қаралды: 1678

Президент сайлауын өткізуге 12 миллиард теңге керек. Орталық сайлау комиссиясы бюджеттен осынша қаржы сұрап отыр деп хабарлайды KTK.kz. Бірақ бұл Қаржы министрлігі былтыр арнайы қарастырып қойған ақшадан анағұрлым асып түскен.

 

Берік Шолпанқұлов, Қаржы министрінің орынбасары:  

 

- Былтыр 2020 жылға арнап 8 миллиард 800 миллион теңге бөліп қойғанбыз. Бірақ ең төменгі жалақы мөлшері ұлғайып, соның әсерінен керекті қаржы көлемі өсіп кетті. Дегенмен, біз оны тексереміз. Бұл 12 миллиардтың 70 пайызы сайлау науқанына  тартылған қызметкерлерге жалақы ретінде берілмек. Әйтсе де, аталған министрліктегілер осынша қаражаттың қандай мақсаттарға жұмсалатынын 2 күн ішінде түгел тексеріп шықпақ. Сөйтіп, олар өз ұйғарымын жасайды. Вице-министрдің айтуынша, бұл ақша тексерістен соң азаюы мүмкін. Жалпы, бүгінде Үкімет резервінде 51 миллиард теңге қаражат жиналған. Президент сайлауына керекті ақша сол жерден бөлінбек.

Пікір қалдыру

1000 символ