Күніміз Кенияға қарап қалған соң не дейін енді?

05.02.2019
Қаралды: 454

Тауарды қытайлар шығарып береді. Оны ақша беріп сатып аламыз.

 

Машинаны орыстар мен немістер жасап береді. Оны да ақша беріп сатып аламыз.

 

Үйімізді өзбектер салып береді. Ақша беріп істетеміз.

 

Футболды да орыстар ойнап береді. Пәленбай ақша береміз. Көмірді қазып беретін де, мұнайды өндіретін де, асфальт төсеп беретін де басқа елдің компаниялары деп естимін.

 

Телеарналарымыздың көпшілігін орыстар жүргізеді.

 

Енді Кениядан жүйріктер әкелетін болыппыз. Тегін келмейтіні айдан-анық. Әлемдегі ең жүйрік халық кениялық желаяқтар деседі. Мейлі, жүйрік-ақ болсын. Оны қайтеміз? Жүгірмей-ақ қойсақ біреу ұрса ма?

 

Өзіміз ше? Жүгірсек біреу қой деді ме? Машина жасасақ ше? Машина жасап жат­қан адамдардың қолы төртеу, бастары екеу емес шығар? Телефонды неге өзіміз жасамаймыз?

 

«Технократ керек» деп жатыр. Бізге бәрі керек екен ғой. Ең аяғы жүгіретін адам өзімізден шықпаған соң...

 

Кенияға күніміз қараған соң не айтайын енді?

Мықтыбек ОРАЗТАЙҰЛЫ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

Пікір қалдыру

1000 символ