«Ауыл» партиясының қалалық филиалы құрылды

30.12.2018
Қаралды: 360

2018-жылдың 30-қарашасында Шымкент қаласының республикалық маңызы бар қалалардың санатына жатқызылуына байланысты «Ауыл» партиясының кезектен тыс съезі өткізілген болатын. Онда аталмыш партияның бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша фили­алын Түркістан облысы бойынша филиалы ретінде қайта құру және Шымкент қаласы бо­йынша филиалын құру туралы шешімдер қабылданған болатын.

 

Осыған орай таяуда «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының Шымкент қаласы бойынша филиалы өздерінің басшылық құрамын сайлау үшін кезектен тыс конференциясын өткізді. Оған төрт ауданнан 60 делегат шақырылды.

 

Жиында алғашқы сөзді «Ауыл» ХДПП төрағасы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Әли Бектаев алып, қалалық филиал төрағалығына осыған дейін «Ауыл» ХДПП-ның бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының төрағасы болып келген М.Өтебаев атындағы жоғарғы жаңа технологиялар колледжінің директоры Қанатбек Досалиевтің кандидатурасын ұсынды. Ұсыныс бір ауыздан мақұлданды.

 

«Ауыл» партиясының Шымкент қаласы бойынша филиалының Саяси кеңесінің құрамына Қ.Досалиев, Ә.Тұрдалиев, И.Тұрсынқұлов, А.Қамбарбекова, А.Есімбеков, Ғ.Жақыпбеков, С.Ұзақбаев, Б.Аязбеков, Ғ.Оразбаев бір ауыздан сайланды. Сондай-ақ Қ.Досалиев, Ә.Тұрдалиев, И.Тұрсынқұлов, А.Қамбарбекова, А.Есімбеков Президиум құрамының мүше­лері болып сайланды. Ғалымжан Оразбаев «Ауыл» ХДПП жастар қанатының қалалық төрағасы атанды.

 

Конференция соңында еңбек озаттары ретінде Б.Әжібеков, Г.Тастанбекова, Қ.Абдуллаев – «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін», А.Есімбеков – «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі», Ж.Күзембайұлы – «Еңбек ардагері» төсбелгілерімен, ал Ғ.Оразбаев пен А.Раджапов Құрмет грамотасымен марапатталды.   

 

М. ИБРАЕВА.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ