Байлықтан рахат табудың бір құпиясы

21.11.2018
Қаралды: 418

Бағалы құндыз ішік киген келіншек базар маңында қолдың жұмыртқасын сатып тұрған атаның қасына келді.

 

 

– Жұмыртқа қаншадан?

 

– Бір данасы – 30 теңге.

 

– Қымбат. 19 теңгеге берсеңіз, түгел әкетемін.

 

Ата біраз ойланып тұрды да:

 

– Алсаң ала қойшы, қызым, – деді қиналыңқырап. – Мына аяз өңменімнен өтіп барады, әрі таңнан бері бірде-бір жұмыртқа сатпап едім. Тым болмаса нан, сүт апарайын үйге...

 

Әр жұмыртқадан 11 теңге түсіріп алған келіншек бір жеңіске жеткендей мәз бола қымбат көлігіне отырып, мейрамxанада күтіп отырған құрбысына қарай тартты.

 

Екеуі 19 мың теңгеге түстеніп, 1000 теңге қайтарым ақшаны алмай, «шайға» тастап кетеді.

 

...Қызық, ә? Біз ақшаға шын мұқтаж жанның қасына келгенде үнемі сараңдық танытып, ақшаны аяп, тырысып қаламыз. Жай ғана «Бараxолкаға» барыңыз, таңнан кешке дейін қақаған 40 градус аязда, дірдек қағып  тұрған сатушыдан зат алсақ, бағасын түсірмейінше айтысып тұрып аламыз. Түсірмесе, тілдейміз келіп. Ол сондай ит байласа тұрмас жерде, бала-шағасын сыртынан кілттеп, нанға ақша табу үшін шыдап тұр. Соған келіп күшті екенімізді көрсеткіміз келеді.

 

Ал сенің аз ғана тиын-тебеніңді мүлде керек етпейтін жерде өзімізше ақкөңілденіп «шайға» тастап кетеміз.

 

Мысалы, 1000 теңге манағы қымбат рестораннан гөрі жұмыртқа сатқан атаға көбірек керек еді.

 

Сингапурдың Премьер-министрі Ли Куан Ю былай дейді: «Әкем өзіне керек болмаса да жағдайы жоқ адамдардың заттарын өте қымбат­қа сатып алады. Ес білгелі солай. Түсінбейтінмін. Ержеткен соң себебін сұрап едім, әкем күлімдеп: «Бұл – қайырымдылықтың бір түрі», – деді».

 

...Байлықтан ләззат алудың құпиясы – біреуге көмектесуде.

 

(Әлеуметтік желідегі жазба).

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ