Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттіктің Түркістан облысы бойынша департаментіне жаңа басшы тағайындалды. Бұл қызметті Ғалым Тұрсынбаев атқаратын болды.
Ғалым Сұлтанұлы Тұрсынбаев 1970-жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында дүниеге келген. Қазақ химия-технологиялық институтын, Президент жанындағы Ұлттық жоғары мемлекеттік басқару мектебін және Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетін бітірген. 1998-жылдан бастап Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде қызмет етіп келеді. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша басқарма бастығының орынбасары, басқарма бастығы, Қызылорда облысында Тәртіптік кеңес төрағасы, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің басқарма басшысы – Шығыс Қазақстан облысы Тәртіптік кеңесінің төрағасы, облыс әкімі аппаратының басшысы, «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының орынбасары болды. Кейін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің басқарма бастығы – Қызылорда облыстық Тәртіптік кеңесінің төрағасы болды. Осыған дейін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары – Тәртіптік кеңес төрағасы лауазымын атқарды.
Н. ӘБДІ.
Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!