Шымкентте алғашқы басқармалар құрылды

21.06.2018
Қаралды: 330

Шымкент қаласы әкімдігінің алғашқы бес басқармасы құрылды. Уақытша сынақ мерзімімен аталмыш басқармалардың басшылары да тағайындалды.

 

Атап айтқанда, табиғи ресурстар және табиғат  пайдалануды реттеу басқармасы басшысының міндетін Ахмет Өтегенұлы Татыбаев (суретте) атқармақ.  Аталмыш лауазымға тағайындалғанға дейін ол Шымкент қаласындағы Абай ауданының әкімі қызметін атқарған.

 

Еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасына Бауыржан Қалжанов басшылық етпек. Бұған дейін Әл-Фараби ауданының әкімі лауазымын атқарған Бауыржан Ахметәліұлының есімі қала тұрғындарына жақсы таныс.

 

Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқару Нұрлан Кәукенұлы Қасымовқа жүктелді. Бұған дейін ол Әлеуметтік сақтандыру қорының Павлодар облыстық филиалының директоры қызметін атқарған. 

 

Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы қызметі Тұрар Асхатұлы Ахметовке жүктелді. Бұған дейін ол «Tulіp Tours» ЖШС-нің директоры және «APEX Consult» ЖШС-нің бас директоры қызметтерін атқарған.

 

Шымкент қаласының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер  басқармасы басшысының міндетін Айнұр Абдуахасқызы Юсупова атқармақ.

 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ