Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабының жауынгерлік даярлық департаментінің бастығы, генерал-майор Тимур Әбішевке қатысты сот үкімі шықты. Оған алаяқтық жасаған және пара алған деген айыптар тағылды.
Әбішев өзі басқаратын департамент мемлекеттік тапсырыс беруші ретінде қызмет ұсынушы коммерциялық компаниялармен келісім жасайтындықтан осы мүмкіндікті пайдаланып қалмақ болыпты. Яғни ол бұл компанияларға 2016 – 2017-жылдарға мемлекеттік тапсырысты ұтып алуына көмектесетіні үшін 10 мың доллар «откат» сұраған.
Сот материалдарында оның аталған сомадағы параны үш мәрте бөліп алып (дәмханада, аялдама жанында және өрт сөндіру мекемесінің төңірегінде), өзінің жеке қажеттіліктеріне жұмсағаны туралы айтылады. Сот оның бұл ісін алаяқтық қылмыс деп дәрежелеген. Сондай-ақ бірнеше мәрте пара алған деп айыптап отыр.
Т. ТҰРАН.
Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!