05 | 02 | 2012
Заманауи бейнебаяндар
Фотосуреттер
< Ақпан 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
           
Әріптестер

www.baq.kz

Ауа райы

Валюта бағамы

Курс валют доллара евро рубля в Казахстане

Құлағыңыз түрік жүрсін!

samala

* Жаңа әрі жанға жайлы

* Орталық әрі тыныш жер

* Жан-жақты әрі жақсы жағдай

* Көңілге тура әрі қалтаға лайық баға

Мекен-жайымыз:

Шымкент қаласы,

Ақпан батыр көшесі, 23-үй.

(Майлықожа көшесінің қиылысы).

Тел.: 8(725-2) 53-26-79.

Моб.: 8-775-92-47-999.

Қадірлі қонағымыз болыңыз!

Құлағыңыз түрік жүрсін
«Заманаға» жазылу жалғаса береді

«Замана» газетіне жа­зы­лу жыл бойына жал­ғаса бе­ретінін естеріңізге саламыз.

Егер Сіз бүгін-ертең ба­рып жазылсаңыз, келе­сі айдан­ бастап газет қо­лыңызға тиетін болады.

«Ауырмаңыз!», «Керек кеңестер», «Қызық газет», «Тылсым дү­ние»­ басылымдарын да келесі айдан бастап жаздыра аласыздар.

Елге арналған газет­термен етене болыңыз, ағайын!

Сізге арналған сәлемхат

Құттықтаймыз!

* Айзат және Нұрзат! Сендерді сегіз айға толған туған күнде­ріңмен құттықтаймыз! Апасы, атасы, бабасы. 8-775-458-20-89.

* Ұлымыз Мейіржан Нұрғалиды 23-қараша – туған күнімен құттықтаймыз. Дені сау, үлкен азамат болсын! Әкесі Ерік, анасы Гүлназ. 8-702-748-37-42.

* Бөлеміз Айнұрды 18-қараша – туған күнімен құттықтаймыз. Мөлдір судай шаттықты, аппақ гүлдей ақтықты тілейміз. Жұлдыздардай жарқырап, бол әрқашан бақытты! Зор денсаулық, мол бақыт, ұзақ ғұмыр тілейміз. Өмірлік серігің болсын! Сені жақсы кө­реміз. Тілек білдірушілер – жезде және бөле­лерің. 8-775-956-21-89.

* Ағам Ерғали Ниятбековті 14-қараша – туған күнімен шын жү­ректен құттықтаймын! Оған бұл өмірдегі барлық жақсылықты тілеймін. Өмірде бақытты бол! Қа­рындасы Жазира. 8-775-648-93-21.

* Анаргүл, туған күнің құтты болсын! Тілек білдірушілер – Досым, Гүлжан. 8-702-811-65-33.

* Айман жеңгемізді өткен ту­ған күнімен құттықтаймыз. Азамат ағам екеуіңіз бақытты болыңыздар! Аягөз, Асқат, Аят. 8-775-497-94-95.

Жаңа кітап

3

Қазақтың ұлт­тық тағамдары

«Замана» Баспа үйінен «Қазақтың ұлт­тық тағамдары» атты кітап жарық көрді. Онда ұлтымыздың жең­сік тағамдары мен оларды даяр­лау жол­да­ры, қазақи дас­­тар­­хан­ға қатысты әдет-ғұрып, жөн-жосық, салт-дәс­түрлер баян­дал­ған. Кі­тапта сонымен қа­тар қа­дірлі қо­нақтарға, құ­да-жек­жаттар­ға, жасы үлкен аға­йынға тартылатын сый та­бақ, ұлт­тық тағамдарды дәмді етіп әзірлеудің құпияла­ры да жазыл­ған. Ұлттық ыдыс-аяқтар мен тағам­дар­ға­­ қа­тысты қазақтың ырымдары мен тиым­дары да қамтылған кітаптың әр шаңырақтан табылғаны жөн-ақ.

Сіздер бұл кітапты барлық жердегі газет таратушылардан сатып ала аласыздар. Ал көтерме сауда жөнінде мына телефондарға хабарласуға болады: (8-725-2)-53-50-94,  43-24-67.

Жаңа кітап

01

Әйелдер, Сіздер үшін!

Көктемде әсіресе қыз-келіншектер әсемденіп, бой-бас­тарына шындап көңіл бөле бастайды. Оларға мұн­дай­да әсемдік сырлары, денсаулық күтімі туралы ақыл-ке­ңестер керек-ақ. Осы орайда «Замана» баспасы оқырман назарына «Әйелдерге арналған әңгіме» деп аталатын танымдық кітап ұсынғанын естеріңізге саламыз. Бұл кітаптан әйелдерге қажетті сан түрлі ақыл-кеңестерді таба аласыздар.

Жаңа кітап

003

Жар таңдай білесіз бе?

Көктемде ел ішінде үйлену тойлары көбе­йе­ді. Ал үйленудің өзі де жан-жақты дайындықты қажет ететін маңызды іс, өмір­дің ыс­тық­-суығын бірге көтері­се­ ала­тын жар табу әр­кімнің-ақ арманы. Осы орайда «Замана» баспасы оқырманға «Жар таңдай біле­сің бе?» деген тақырыпта шыққан кітапты ұсынады.

Жаңа кітап

012

Тез байығыңыз келсе...

Онда «Замана» баспасынан жарық көрген «Тез байығыңыз келе ме?» деген кітапты алып оқ­ып көріңіз. Бұл кітапта бақуат тұрмысқа қол жет­­кізудің қыр-сырлары жөнінде егжей-тегжейлі айтылады. Ол көп нәрсеге көзіңізді ашары анық.

 

Құлағыңыз түрік жүрсін!
«Керек кеңестерден» кеңес алыңыз
Өмірдің әр саласында әркімнің өз көрген-білгені, көңілге түйгені бар. Осы тұрғыда ол туыстарына ғана емес, қажет еткен басқа жандарға да пайдалы ақыл-кеңестерін беріп отырады. Ал мұндай сауапты іске газеттер атсалысса, оның көпшілікке берері тіпті де еселене түспек. Бұл бағытта «Замананың» қосымшасы – «Керек кеңестер» газетінің атқарып жатқан істері жетерлік.
«Керек кеңестер» газетінің биылғы 1-ші нөмірі жарыққа шықты. Онда тұрмыс-тіршіліктің сан саласын қамтитын түрлі кеңестер молынан жарияланған. Оқыңыз, керегіңізге жаратыңыз!

 

Негізгі бет Айрықша ақпараттар Халқы нан жемейтін ел. Жерлесіміз Оңтүстік Кореядан көп қызықтар көріпті
Халқы нан жемейтін ел. Жерлесіміз Оңтүстік Кореядан көп қызықтар көріпті
25.05.2009 16:46

kara futbolkaАзияның бір қиырында жатқан Оңтүстік Кореямен де байланысымыз күшейіп келеді. Таяуда ол ел басшылары Астанаға келіп кетті. Оңтүстік Кореяға біздің елден барып келіп жатқандар да көп. Олардың әңгімесін тыңдаған да бір қызық.

Сайрам ауданына қарасты «Жалын» ауылында Жолдас Жалғас деген азамат тұрады. Осы кісі Оңтүстік Корея мемлекетінде бірнеше жыл еңбек етіп келген. Біз жуырда Жолдаспен жолығып, оның Корея елінде көрген-түйгендері туралы сұрап едік.

Нан пісіріп, қосымша табыс тапқан

«Оңтүстік Кореяның Шингал Угори деген қаласына 2003 жылы келісім-шарт­пен бардым, – дейді Жолдас. – Барғандардың арасында қазақтардан жалғыз мен болдым. Қалғандары 11 қытайлық, 4 бангладештік, 10 индонезиялық, 6 пәк­стандық болатын. Адам бәріне де үйре­неді ғой. Дегенмен де өзге елдің ас-суына үйренудің де қиындықтары болады екен. Мысалы, біз бұл елде әсіресе нанды аңсап қиналдық. Кәрістер нан жемейді екен. Сондықтан нансыз тамақ ішуге алғашқыда үйрене алмай жүрдік.

Бұл елдің тұрғындары күрішті суға қайнатып қояды екен. Көбіне соны пайдаланады. Оның үстіне ол күрішке тұз қоспайды. Сонда да соларды жеуге мәж­бүр болдық.

Өзім «Кока-кола» сусынын шығаратын зауытқа қарапайым жұмысшы ретінде жұмысқа тұрғанмын. Бір күні бастығымыз бәрімізді жинап алып, зауытқа дәне­керлеуші керек болып жатқанын, арамызда дәнекерлеу қолынан келетін адам­ның бар-жоғын сұрады. Сонда мен дәнекерлей алатынымды жеткіздім. Олар сеніңкіремей, күліп кеткен, кейін зауыт­қа өздері келіп ертіп апарды. Сонда олар көрсеткен істің бәрін дәнекерлеп бітіріп бердім. Содан бастық маған риза болып, жалақымды бірден бірнеше есеге көтерді. Сөйтсем, олар дәнекерлеу ісіне бола бір фирмамен келісім-шартқа отырмақ болған екен, ондағылар өте көп ақша сұрапты».

Жолдас нанды сағынып жүріп өзі нан пісіруге бел буғанын айтады. Ол дүкеннен ұн алып, бөлке нан пісіріпті. Сосын оның біреуін жұмыстағыларға нан ауыз тигізуге апарыпты. Мұндайды алғаш көр­ген бригадир оған таңырқап қарап тұрып, дәмін көрген соң бөлкені ешкімге бермей алып кетіпті. Кешке дейін өзі жеп жүріп, зауыт бастығына да көрсетіпті. Нанның дәмін көрген үлкен бастық Жолдасты шақырып алып, одан нан пісіріп әкеп беруін өтінген екен. Оған келіскен Жолдас өтінішті орындайды. Кейін нан пісіріп дүкенге апарып сатқызуды ойлайды. Сөйтіп, бірінші кезде он бөлке нан пісіріп үйінің қасындағы дүкенге апарып беріпті. Одан соң бір айналып барса, дүкен иелері келушілердің нанды қызық үшін алып кетіп жатқанын айтып тағы да тапсырыс беріпті. Сонымен сол күннен бастап ол қосымша табыс табуға кірісіпті.

«Қызығы, кәрістер мал етінің майын жемейді екен, – дейді Жолдас. – Ет дүкеніне барғанда олардың майды еттен ажыратып алып қоқысқа тастайтынын білдік. Сөйтіп, біз дүкендегілерден малдың майын сұрап алдық. Оған қуанған дүкен қызметкерлері бірнеше келі етті тегін беретін болды. Қала берді, мотоциклмен үйге дейін апарып тастайды. Әлгі мотоцикл – тұрақты тұтынушыларына тегін тасымал жасауға арнал­ғ­ан көлік».

Келін құрсақ көтерсе ғана той жасайды

Жолдас Оңтүстік Кореяда тағы бір нәрсені естіп таңқалыпты. Ол жақта екі жас қосылғанда той жасамайды екен. Тек жас келін арада бірнеше ай өткенде құрсақ көтерсе той жасайды, құрсақ көтермесе кері қайтарады. Кәріс киноларында әйелдері қызмет істеп жүргенін көрсетеді, ал шын мәнінде аталмыш елде әйелдердің көбі үйде бала қараумен ғана шұғылданады екен. Кинодағы рас жайт – кәрістер өте инабатты, кішіпе­йіл екен. Бізде көшеде біреу жөн сұрап, ойын жеткізе алмаса қолды бір сілтеп кетіп қаламыз ғой, ал Жолдас ол жақтың тұрғындары адамды түсінуге қатты тырысатынын айтады.

Жолдасты келесі бір қайран қал­дырғ­аны, ол оңтүстіккореялықтардың иттің етін жегенін көрмепті. Тіпті дүкен­дерінде де иттің еті сатылмайтынын айтады.

Ал бұл елде жалақы шетелдіктерге қарағанда жергілікті ұлт өкілдеріне үш есе артық төленеді екен. Оңтүстік Корея азаматтары екі-үш айлығына су жаңа көлік сатып алатынға ұқсайды.

Куксидің қатырылған түрі бар

«Басымыздан мынадай қызық өтті, – дейді Жолдас. – Жексенбі күні бес-алты жігіт болып қала аралап жүргенбіз. Содан алдымыздан көрінген дәмханадан тамақ ішуге ниеттендік. Ол жерде кукси­дің екі түрі бар екен. Біз өзіміз ішіп көрмеген түріне тапсырыс бердік. Даяшы көп уақыт өткізбей тамағымызды алып келді. Қарасақ, мұз болып қалған тамақ. Жөнін сұрасақ, осыған тапсырыс бергенімізді алға тартты. Сонымен арамызда кейбі­реулер оны қызық үшін сорып, ақшасын төлеп қайттық. Кәрістерде осындай да тағам түрі бар екен.

Бір дүкеніне кіріп тұрып өзіміздің жақтың арағына көзім түсті. Соны алмақшы болып сұрағанымда сатушы таң қалды. Сөйтсем оны ешкім алмаған көрінеді. Сатушы: «Оны қайтіп ішесің, өлесің ғой. Өзі 40 градус», – дейді. Олардың арақтарының күші 18 градус қана».

Баланы алаңсыз қалдырып кете аласыз

Оңтүстік Кореядағы қалаларда әр бес үйдің арасында демалыс аймағы бар екен. Олардың ішінде балаларыңызды алып қалып, бөлек ойнататын жері, үлкен теледидар, қысқасы, демалысқа қажетті нәрсенің бәрі бар. Әрі ол елде кафе, мейрамхана, театр секілдінің бәрінде бар­ған жұрттың балаларын бөлек ойнататын ойын залдары жұмыс істейді екен. Яғни біздегідей балаларын кімге тастап кетерін білмей бас қатырмайды.

«Бірде мынадай қызық болды, – дейді Жолдас. – Көшеде түнде келе жатырмын. Әудем жерден алдымнан 10-15 кәріс жігіттері шықты. Бәрінің ішіп алып масаң күйде келе жатқандары көрініп тұр. Сонда мен ал енді олар жабылып теп­кілеп тастамаса болғаны деп қауіптендім. Жоқ, олай болмады. Жақындағанымда олар екіге бөлініп жол берді. Өттім де кеттім. Оңтүстік Кореяда бірнеше жыл жұмыс істеп жүріп кәрістер­дің айқайласып, төбелескенін көрмедім. Керісінше, өзге елден барғандардың ара­сында жұдырықтасқандарды жиі кездес­тірдім.

Айтпақшы, зауыттағы үлкен қызмет­кер­­лердің өздері костюм-шалбар, галстукпен, аяғына кеда киіп жүре береді. Бұл өздеріне ерсі емес. Өйткені кеда жұмыс­қа ыңғайлы, жұмсақ әрі жеңіл деп есеп­теледі екен».

Мінеки, Жолдас Оңтүстік Кореяда осын­дай нәрселер көріпті. Оған әсіресе ол жақтың адамдарының кішіпейілділігі, тәртіптілігі, әділдігі ұнапты. Ол біздің ел адамдарының де жақсы қасиеттері мол болып, осылай көзге ұрып көрініп тұратын болса ғой деп армандайтынын айтады.

С. Байбосынов.

 


 

Пікір қосу

Қорғаушы код
Жаңалау

Бәріңе! Бәріңе! Бәріңе!

zamana-13

«Заманаға» автор болуға асығыңыз!

Ол үшін қомақты қаламақы төленеді

Құрметті оқырман!

Егер Сіз айрықша ақпараттардан хабардар болсаңыз, таңғажайып оқиғаның ортасынан табылсаңыз, тосын көріністерге куә болсаңыз, онда шұғыл түрде бізбен байланысқа шығыңыз.

Өзіңіз көзбен көрген оқиғаның мән-жайын тез арада жазып, суретімен қоса бізге жолдар болсаңыз тіпті жақсы.

Ең бастысы, нақтылық, жеделдік, шындық қажет.

Бұл орайда жағымды жаңалықтар да, келеңсіз көріністер де тақырып арқауына айнала алады.

Мұндай хабарларды Қазақстанның кез-келген түкпірінен жолдауыңызға болады.

Назар аударыңыз: Газетке пайдалануға жарайтын айрықша ақпараттар үшін бір мың теңге мен он мың теңге аралығында қаламақы төленеді.

Ал тұрақты түрде атсалысушы азаматтарға қосымша сыйлықтар, арнайы жолдамалар тағайындалады. Сондай-ақ таяу келешекте жасына, мамандығына қарамай-ақ кесімді жалақы төленіп тұратын жұмыс ұсынылуы мүмкін.

Қысқасы, «Замана» өзінің барлық оқырманымен сенімді серіктес әрі әріптес болуға қашан да дайын! «Заманаға» автор болуға асығыңыздар!

Біздің электрондық почтамыз: zamana_shmk@maіl.ru.

Жұлдызнама
juldiznama
(23.01 - 28.01)
Тоқты (21.03-30.04)

Жұмысыңыз біршама көбеюі мүмкін. Өзгелермен түсінісе, тіл табыса қимылдауға мән беріңіз.

Торпақ (21.04-21.05)

Сіздің әрекеттеріңізге көп нәрсе байланысты. Әсіресе отбасылық мәселелерде мұқият болғайсыз.

Егіздер (22.05-21.06)

Жақын адамыңызбен тізе қоса қимылдағаныңыз дұрыс. Оның пайдасын молынан көреріңіз анық.

Шаян (22.06-23.07)

Апта күндері сізден жинақылықты талап ете­ді. Негізгі шаруаларды бір жүйелеп алғаныңыз абзал.

Арыстан (24.07-23.08)

Жолыңыз ашық, көңі­ліңіз көтеріңкі болады. Сізден біреу жәрдем сұрауы мүм­кін, демеп жібергеніңіз жөн.

Бикеш (24.08-23.09)

Қай шаруаға да ойланбай қойып кетуден сақтаныңыз. Бұл аптада осыны ұмытпағаныңыз дұрыс.

Таразы (24.09-23.10)

Басты жұмысты бір жүйелеп қоюға тырысыңыз. Денсаулық мәселесін де назарда ұстағайсыз.

Сарышаян (24.10-22.11)

 

Сізге аптаның ортасындағы күндер жайлы тимек. Маңызды істерге бел шеше кіріссеңіз болады.

Мерген (23.11-21.12)

 

Сөзіңіз бен ісіңіздің бір жерден шығуын назардан тыс қалдырмаңыз. Сізге көз тігушілер бар.

Тауешкі (22.12-20.01)

Ойда жүрген шаруаға осы аптада кіріскеніңіз дұрыс. Сізге досыңыздың жәр­демі тигелі тұр.

Суқұйғыш (21.01-19.02)

Белсендірек болуыңыз қажет. Бұл – мүмкін­діктер аптасы, қолайлы сәттерді қалт жіберіп алмаңыз.

Балық (20.02-20.03)

 

Ішкі түйсігіңізге сеніп әрекет етсеңіз, адаспайсыз. Қомақты олжаға қол жеткі­зуіңіз мүмкін.


Құлағыңыз түрік жүрсін

aur2012

«Ауырмаңыз!» газетінде не жазылған?

*Аязды күндері кейбір адамдарды терісі қышып, әбіржі­тетіні, ісініп, онда бөртпелер пайда болатыны бар. Медицина тілінде бұл «суыққа аллергия» деп аталады. Суыққа аллергия көбіне бұрын жұқпалы аурулармен ауырған адамдарда 25-30 жастан кейін пайда болады екен. Мұндай аллергиядан қа­лай арылуға болады? Аяздан болатын аллергияға шалдықпас үшін не істеу керек?

* Қыстыгүні жас балаларды жиі мазалайтын баспаны (ангина) болдырмайтын тәсіл бар. Ол қандай тәсіл?
* Көздің көру қабілетін жақ­сар­тып, бұлдырағанын халықтық тәсілдермен де емдеуге болады екен. Ол үшін аса көп шығындалудың керегі жоқ. Тек...
* Көп адам моншаға түсуді тек кір­ден тазару деп қабылдайды. Сөйтіп, аптасына бір, ары кетсе екі рет моншаға түседі. Бірақ ыстық бу мен жылы судың қадірін білгенмен, пайдасын білмеген күйі моншадан шомылып қана шығады. Егер олар тиісті ережені біліп, оны орындайтын болса, монша арқылы ағзаны артық қалдықтан тазартқан болар еді. Ағзаға саулық сыйлайтын ол қандай ереже екенін білгіңіз келе ме?
* Омыртқааралық жарық (грыжа) – оңай дерт емес. Буын-буынды қақсатып, отырып-тұруды қиындататын бұл дерттің жазылуы да қиын. Дегенмен Шымкентте ине салу арқылы өзіне ғана белгілі массаж түрімен осы аурудан он күн ішінде айықтыратын дәрігер бар. Оның еміне жұрт дән риза. Себебі сүйегі сырқырап келгендер санаулы күнде үйлеріне қуана қайтады. Ол дәрігерді қайдан табуға болады?
* Ауырып қалған кей адамдарға дәрігерлер, кейде үлкендер де «қанды тазарту керек» деп жатады. Қан тазартудың денсаулыққа әсері қандай? Оны қалай тазарту керек?
...Бұл сұрақтардың жауабын «Замананың» қосымшасы – «Ауырмаңыз!» газетінің жаңа нөмірінен табасыздар.
Құлағыңыз түрік жүрсін!
kizik
«Қызық газетте»не жазылған?
Дүние есігін ашқаннан же­тімдіктің тауқыметін аз татпаған оның ең алғаш­қы сүт-анасы кәдімгі жаңадан боталаған аруана болыпты. Ержете келе бар бақытын шығармашылық өнерден тапқан сол адамның тағ­дыры туралы «Жетімдікті же­ңіп, жетілген жан» деп аталатын хикая «Қызық газет­тің» осы аптада жарық көрген жаңа нөмірінде жарияланған.
Сондай-ақ аталмыш басылымға қандықол қыл­мыскерлерді құрықтаған бұрынғы полиция қыз­мет­керінің жан сыры мен сезім сергелдеңіне түсіп, жат елге кетуге мәжбүр болған жас қыздың басынан кешкендері жайында жазылған тағы да екі хикая еніп отыр.
Оқыңыз, өкінбейсіз!
Құлағыңыз түрік жүрсін!

samala-2

* Новая, уютная

* Тихий центр

* Все условия

* Умеренная цена

Наш адрес:

г. Шымкент,

ул. Акпан батыра, 23.

(уг. улицы Майлыкожа.).

Тел.: 8(725-2) 53-26-79.

Моб.: 8-775-92-47-999.

Будьте нашим гостем!

"Керек кеңестер"

«Керек кеңестерден» кеңес алыңыз

Өмірдің әр саласында әркімнің өз көрген-білгені, көңілге түйгені бар. Осы тұрғыда ол туыстарына ғана емес, қажет еткен басқа жандарға да пайдалы ақыл-кеңестерін беріп отырады. Ал мұндай сауапты іске газеттер атсалысса, оның көпшілікке берері тіпті де еселене түспек. Бұл бағытта «Замананың» қосымшасы – «Керек кеңестер» газетінің атқарып жатқан істері жетерлік.

«Керек кеңестер» газетінің биылғы 1-ші нөмірі жарыққа шықты. Онда тұрмыс-тіршіліктің сан саласын қамтитын түрлі кеңестер молынан жарияланған. Оқыңыз, керегіңізге жаратыңыз!

SMS

sms

"Замана" арқылы сәлемдеме жолдай аласыз

Құрметті оқырман!

Сіз бұдан былайғы жерде «Замана» газетінің редакциясына, сондай-ақ біздің газеттің барлық жердегі оқырмандары үшін өз атыңыздан шұғыл түрде, тікелей телефон арқылы

SMS – хабарлама

жолдай аласыз. Атап айтқанда, Сіз біздің арнайы ұялы байланыс телефондарымызға хабарласа отырып, мынадай мәселелер бойынша жеке басыңыздың сәлемдемесін жеткізуіңізге болады:

– сүйінші сұрау; алғыс айту; жоқ іздеу; ескертпе жолдау; қуаныш бөлісу; өмірлік жар іздеу; басқа да құлақтандырулар.

Сіздердің SMS – хабарламаларыңыздың ең өзекті, зәру дегендері газетімізде тегін жарияланатын болады. Ол үшін аты-жөндеріңіз бен телефон нөмірлеріңізді көрсетуді де ұмытпасаңыздар екен.

Редакцияның тікелей ұялы байланыс телефондары:

8-702-838-09-24, 8-777-402-09-14, 8-700-390-07-60.

Сізге арналған сәлемхат
Танысқым келеді

* Сәлем, қазақтың на­мысқой жігіттері! Еңбекқор, са­быр­лы, ата-анасы мен сүй­­ген жарының арасын жақ­сы ұстай алатынына сенімді, мақсатына қа­лайда жететін жанмен достас­қым келеді. 8-705-283-25-94.

* Сәлем, қыздар! Бойы ұзын, ақылды қызбен та­ныс­­қым келеді. «Чайкалар» мазаламасын. 8-701-301-17-77.

* Сәлем! Адал дос із­деймін. 90-94 жылғылар болса. 8-775-914-85-61.

* Сәлем, Сарыағаштың қыздары, танысайық. 8-775-642-03-02.

* Сәлем, қыздар! Таныса­йық, араласайық. Логинім: beka96_ 03@aіl.ru. 8-775-446-18-41.

* Cәлем, қыздар! Өзіме қыз іздеп жүрмін. Есімім – Сма­йыл­. Логинім: sіmka_19­@­maіl.ru. 8-775-274-67-28.

* Сәлем! 1994 жылғы бола­мын. Танысайық, дос болайық, араласайық. Ло­­гинім: sandu_ nur95­@­maіl.­ru және aі­іda_nur­95@­maіl.­ru. 8-775-727-49-66.

* Мен, Әділ­­бек Мәметов адал қыздармен танысқым келеді. 8-775-153-46-88.

* Ассалаумағалейкүм, мұ­сыл­ман бауырлар! Өзіме дос бола­тын қыз іздеймін. Иман­ды, на­маз оқитын болса. Ло­ги­нім: Mr_tіm_95@­maіl.ru. 8-702-543-14-62.

* Мен Қызылтаңнан боламын. Маған сарыағаштық Арайлым деген қыз ұнайды. Оған сенгім келеді. Логинім: galym_ 12_95@maіl.ru. 8-775-439-84-04.

* Ассалаумағалейкүм! Намазхан қыздармен танысып, араласқым келеді. Логинім: wіmkala_ 90@maіl.ru. 8-702-751-14-32.

* Сәлем, қыздар! Мен өзіме адал жар болатын қыз іздеймін. 83-жылғымын, әлі үйленбе­генмін. 8-775-597-71-49.

* Сәлем, жігіттер! Танысайық, дос болайық. 8-775-658-06-20.

* Cәлем, қыздар! Жасы 26-ға дейінгі қыздармен танысамын. Жеңіл ойлылар мазаламасын. 8-775-687-37-44.

* Ассалаумағалейкүм, жа­мағат! Жасым 21-де. 22-28 жас аралығындағы намаз оқи­тын жігіттермен танысып, отбасын құрғым келеді. 8-702-660-52-68.

* Сәлем, қыздар! Танысайық. Логинім: almas_­92­29@maіl.ru. 8-771-149-98-92.

* Бойы ұзын, 94-95 жыл­ғы сұлу жігіттер, танысайық. Арыстықтар, қайдасыңдар? 8-775-157-93-82.

* Сәлем, қыздар! 97-жыл­ғы қыздар, танысайық. Логи­нім: bіrzhan_001kz. 8-775-284-34-27.

* Ассалаумағалейкүм! Аллаһтың әмірін бұлжытпай орындайтын, Пайғамбардың сүнне­тін жанына жылу еткен, Имам Ағзам Әбу Ханифа маз­һабын ұста­натын, шариғат ілі­мінен хабары бар, өте әдепті, ибалы да инабатты мұсылман қыздармен танысқым ке­леді. 81-ші жыл­ғымын. Жеңіл ойлылар мазаламауын өтіне­мін. 8-775-712-34-03.

* Сәлем, қыздар! Та­нысайық, араласайық. Логи­нім: serjan_ 246@maіl.ru. 8-771-143-33-14.

* Қыздар, танысайық. Ма­ған «дружба» тастаңдар. Логи­нім: urіk_96_01@maіl.ru. 8-775-987-50-36.

* Сәлем, жігіттер мен қыздар! Танысайық, араласайық. Логинім: aіka.b.­92­@maіl.ru. 8-702-825-64-78.