Облыс прокуратурасында 2017-жылдың желтоқсан айында жергілікті тұрғындар үшін тегін құқықтық қызмет көрсететін Құқық қорғау қызметтері орталығы ашылып, жұмыс істеуде. Қазіргі уақытта облыс прокурорының, ішкі істер департаменті бастығының, облыстағы жергілікті атқару органдары басшыларының тіркелген кестеге сәйкес азаматтарды жеке қабылдау өткізуі жоспарланған.
Жоғарыда аталған тұлғалардың жеке қабылдауында болуға тілек білдірген азаматтар Шымкент қаласы, «Бейбітшілік» көшесі, №3-үй мекен-жайы бойынша келуіне немесе 35-37-91 телефонына хабарласуына болады.
Құқық қорғау қызметтері орталығында өтетін азаматтарды жеке қабылдау кестесі мынадай:
Облыс әкімдігінің басшылары, облыс прокуроры, облыстық ішкі істер департаментінің бастығы – жылына 2 рет (жарты жылда 1 рет). Өткізілетін уақыты – ақпан айының 3-ші сәрсенбісі, қараша айының 4-ші сәрсенбісі, сағат 10.00-ден 12.30-ға дейін.
Шымкент қаласының әкімі, әл-Фараби ауданының прокуроры, әл-Фараби аудандық ІІБ басшысы – тоқсан сайын. Өткізілетін уақыты – наурыз, мамыр, қыркүйек, қазан айларының 1-ші сейсенбісі, сағат 10.00-ден 12.30-ға дейін.
Абай ауданының әкімі, аудан прокуроры, аудандық ІІБ басшысы – тоқсан сайын. Өткізілетін уақыты – наурыз, мамыр, қыркүйек, қазан айларының екінші сейсенбісі, сағат 10.00-ден 12.30-ға дейін.
Еңбекші ауданының әкімі, аудан прокуроры, аудандық ІІБ басшысы – тоқсан сайын. Өткізілетін уақыты – наурыз, мамыр, қыркүйек, қазан айларының 3-ші сейсенбісі, сағат 10.00-ден 12.30-ға дейін.
Қаратау ауданының әкімі, аудан прокуроры, аудандық ІІБ басшысы – тоқсан сайын. Өткізілетін уақыты – наурыз, мамыр, қыркүйек, қазан айларының 4-ші сейсенбісі, сағат 10.00-ден 12.30-ға дейін.
Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасы.
Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!