Тараз қалалық жергілікті полиция қызметінің бастығы мен батальон командирі қамауға алынды. Бұл жөнінде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Ұлттық бюроның баспасөз қызметі мәлім етті.
Жарияланған деректе Тараз қалалық жергілікті полиция қызметі бастығының міндетін уақытша атқарушы, полиция полковнигі Ж.Бүйтеков пен батальон командирі, полиция полковнигі Б.Жолдасбековтің бағынышты бөлім қызметкерлерінен оларды қолдап, қорғап жүргені үшін ақша жинап алып отырғаны туралы айтылады. Оларға биылғы жылдың қаңтар – ақпан аралығында осындай жолмен 700 мың теңгеден аса ақша алған деген күдік келтіріліп отыр.
Бұл екі азамат бүгінде уақытша оқшаулау абақтысына қамалған, тергеу-тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Н. ӘБДІ.
Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!