Әйелдерге көлік жүргізуге тыйым салынды

15.01.2018
Қаралды: 486

Түркіменстанға қара түсті көлік кіргізуге 2015-жылы тыйым салын­­ған еді, енді оларды пайдалануға тыйым салынды. Мұндай көлікпен қолға түскендерге бұрын ескерту беріліп келсе, енді көлігі айып тұрағына қойылып, қомақты айыппұл салынатын болды. Бір қызығы, бұған қатысты ресми түрде шыққан бұйрық та, қандай да бір шешім де жоқ, ешкім ештеңе түсіндірмейді. Ауызша айтылды, бітті.

Сондай-ақ жаңа жылдан бастап әйелдерге көлік жүргізуге тыйым салынды. Енді бұл елде әйелдер жүргізушілік куәлігі болса да көлік айдай алмайды. Оған да тыйым салынды.

Кей деректерге қарағанда, бұл жағдай елдің Ішкі істер министрі  Арқадағы, яғни Президентке есеп бергеннен кейін орын алғанға ұқсайды. Ол кісі елдегі жол-көлік оқиғалары көбіне әйелдердің басқаруындағы көлік кесірінен немесе әйтеуір әйелдің араласуымен болып жатқанын айтқан көрінеді.

Д. НҰРПЕЙІС.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ