Тоқтылар еңбекте белсенді болсын
Шешімін күткен жедел мәселелермен бас қатырып жүріп-ақ жылдың қалай зулап те шыққанын білмей қалады. Бар күш-жігерін еңбекке жұмсайтын жыл. Тынымсыздығы арқасында қызметі, жалақысы көтерілуі мүмкін. Қаңтар-сәуір айларында әріптестерімен кикілжің туындауы ықтимал. Шетелде білім аламын деген жастардың да жолы болмақ.
Табысы көбейген сайын шығыны да ұлғая түседі. Кикілжіңі көп отбасылардың ажырасу жайлы шешімге келуі де мүмкін.
Махаббатта сезімге өтірік араластырмаған абзал. Өйткен жағдайда сенімсіздік ұлғая түспек. Шаңырақ құру үшін мамыр мен тамыз айлары қолайлы.
Торпақтардың денсаулығын күткені жөн
Ешкім бетіне қарсы келмегенмен, моральдық-психологиялық тұрғыда қысым көруі мүмкін. Бұл қызметтегі әріптестер немесе кәсіптегі бәсекелестердің әрекеті болуы ғажап емес. Күзге қарай мекен-жай немесе қызмет ауыстыру мүмкіндігі бар, бұл сәтті жіберіп алуға болмайды.
Табысы бірқалыпты болғанмен шығыны көптеу болуы мүмкін.
Жеке өмірінде өзгерістер орын алады. Күзге қарай үйленген Торпақтардың бақыты баянды болмақ. Ал бизнеспен айналысамын деушілер тамыз айында тәуекел еткені дұрыс.
Бүйрек, бауыр, жүрек қан тамырлары ауруларынан сақтанып жүргені жөн. Жүйкеге салмақ түсіру мен уайымдау да денсаулыққа кері әсер етеді.
Егіздер пәтер ауыстырады
Кәсіпте, қызметте, жеке өмірде тез әрекет етуді, жедел шешім қабылдауды қажет ететін оқиғалар көптеу болады. Ондайда шаршап, тынығуды армандауыңыз да мүмкін. Өткен жылдардағы қателіктерге жауап беруге тура келеді.
Жақын адамдарға қол созамын деп шығындалып қалуы мүмкін. Алайда жақсылығы екі есе болып қайтады.
Сарышаяндар ақшаны дұрыс жұмсай алмайды. Жеке басының қажеттілігін ғана емес, отбасылық, бала-шаға қажетін де есте ұстау керек.
Сәуір, шілде мен тамыз айларында жазым болудан сақтану керек. Ол үшін көлік жүргізгенде, жолға шыққанда сақ болғаны дұрыс.
Шаяндарды күзде көп жаңалық күтеді
Бұл жылы Шаяндар жан-жақтан ағылып келіп жатқан өтірік-шыны аралас ақпараттарды сараптаумен-ақ шаршап жүреді. Мұндай күй жүйкеге салмақ түсіруі де мүмкін. Өйткенше отбасылық бюджетті толықтыруды ойлаған жөн. Кәсіпкерлікпен айналысса жазға қарай қалтасы қампая түспек.
Қаңтар-маусым аралығында құжат рәсімдеуге қатысты мәселелер туындайды. Ол ақшаға байланысты келісім-шарт болуы да мүмкін. Күзге қарай қуанышты жаңалықтар көбейеді.
Қаржылық-материалдық жағдайында өзгеріс болмайды, табысы мен шығыны бірдей деңгейде. Күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге, көлік алмастыруға ыңғайлы уақыт.
Арыстандар күрделі жайлармен жолығады
Бұл Арыстандар үшін төзімділігін сынаққа салар жыл деуге болады. Олар ұстанған бағытының дұрыс екенін дәлелдеу үшін көп күш пен энергия жұмсайды. Сәуір-мамыр айлары күтпеген кедергілермен есте қалады. Ал тамыз-қазан айларында жаздайғы күресінің жеңісті нәтижесін көреді.
Алғашқы жартыжылдықта бизнес үшін жүйке жұқартуға тура келеді. Әрбір істің басында болу үшін уақыт жеткізе алмайды. Түрлі тексеру мазалауы мүмкін. Ескі қарыздарды жинау қиындық туғызады. Ақшаны жылжымайтын мүлікке салыңыз.
Жүрегі ауыратындар емделгені жөн. Жол ережесіне мұқият болыңыз. Қыркүйекте санатроий немесе курортта демалған жақсы.
Бикештер қызмет ауыстыруы мүмкін
Келер жылы отбасында қуанышты жайлар көбірек орын алады. Қаржылық-материалдық жағдайы бірқалыпты, ал қиындықтарда жақын туыстарының қолдауына арқа сүйегені жөн. Алдағы жыл олар үшін жылжымайтын мүлік мәселесін шешуде қолайлы болмақ. Тек қарыз алмағаны дұрыс.
Мемлекеттік қызметте істейтіндерді үлкен сынақ күтіп тұр, сүрінбей өтсе абыройы асады, сүрінсе дәрежесі төмендеуі мүмкін. Ондай жағдайда жыл аяғында жұмыс орнын ауыстыруы да ғажап емес.
Жүйкеге салмақ түсіруге және иммунитетті әлсіретуге болмайды. Әйтпесе созылмалы ауру денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін.
Таразының табысы көбейеді
Қарбалас тіршілік басталады. Жайбарақаттықты қою керек. Сіздің елден ерекше белсенділігіңізді өзгелер жағымпаздық деп түсінуі мүмкін. Қызметте кикілжіңге жол бермеңіз. Қызметіңіз не жалақыңыз көтеріледі.
Мамыр айында күрделі қиындыққа тап боласыз. Оны қаржы арқылы шешудің жолы бар. Ал қараша немесе желтоқсанда беделді жанның ықпалымен материалдық жағдайыңызды дұрыстауға мүмкіндік туады. Ол үшін іскерлік қабілетіңізді танытуға тиіссіз.
Махаббатта да, қаржы мәселесінде де кедергілер көп. Оған өзіңіз кінәлісіз. Тиянақтылық пен айтқан сөзде тұру азаматтық беделіңізді арттыра түсетінін ұмытпаңыз.
Сарышаяндар спортпен айналысса ұтады
Қандай қиындықтар кездессе де тапқырлығының арқасында кенеттен жолы бола кетеді. Ақпан-мамыр аралығында қаржыға қатысты мәселелерде сақ болғаны жөн. Сенімсіз серіктер мен жалқау әріптестерден аулақтау жүрген жақсы. Әйтпесе кесірі тиюі мүмкін.
Жыл бойы үнемдеген ақшасын табан астында аса қажет нәрсеге амалсыз жұмсап қоя береді, есесіне қазан айында қолына қомақты сома түседі.
Қызметте басшылықпен келіспесеңіз де үнсіз бас шұлғыған дұрыс. Ал дұрыстығыңызды тек еңбекпен танытыңыз. Сонда бедел де, абырой да уыста болмақ.
Салауатты өмір салтына бейімделетін кез келді. Фитнес-клубтарға барған дұрыс.
Мергендерге қарыз алуға болмайды
Ойға алған жоспарымен жұмыс жасаса, жылды табысты аяқтайды. Жылдың алғашқы жартысында кедергі көп. Құжат мәселесінде мұқият болғаны дұрыс.
Саясат пен шығармашылық адамдарының айы оңынан туады. Марапат немесе атақ алу оңай. Тек дандайсып кетуге болмайды, олай еткен жағдайда беделден жұрдай болу әп-сәтте.
Бұл жылы Мергендер үлкен қаржылық мәселелерге ұрынбағаны жөн, өйтсе шығындалып қалуы мүмкін. Қарыз беру немесе алу, жылжымайтын мүлік сату не сатып алу мәселесінде сақтықты ұмытпағаны абзал.
Мекен-жай ауыстыруы мүмкін. Жол жүргенде, көлікте абай болғаны дұрыс.
Тауешкіні сәттілік күтіп тұр
Қызметте, отбасында, қаржы мәселесінде де проблемалар өздігінен шешімін табады. Дегенмен кездесу, іссапар, жаңа жоспарға бет бұру сынды қауырт тірлік шаршататын сәттер көп. Сәуір, маусым мен тамыз айларында қаржы үнемдеуге тура келеді.
Жеке өмірде көп нәрсені өзгертеді: көзқарасы, имиджі, қалыптасқан қағидалары, т.б. Жақындарыңыз мұны түсінбеуі мүмкін, дегенмен ақталып әуре болмаңыз.
Қаржы мәселесінде ешқандай өзгеріс жоқ, тек қымбат зат сатып алмас бұрын дұрыстап ойланыңыз. Ал денсаулыққа келсек, энергияңызды үнемдеп үйреніңіз. Уақытылы ұйықтау, дұрыс демалу да маңызды нәрсе екені есте болсын.
Суқұйғышта қуанышты күндер көп
Алдағы жыл Cуқұйғыштар үшін арпалыс, өткен қателіктерді түзеуге арналған уақыт сынды. Кемшіліктерін жою арқылы жаңа биіктерге шығатынына көзі жеткен олар ең алдымен жағымсыз әдеттерінен арылуға тырысқаны дұрыс. Жаңаша көзқарас табыстың жаңа көзін ашуға көмектеседі.
¬аржылық-материалдық жағдайында анау айтқандай өзгеріс бола қоймайды. ¬айта ойдағы көптеген жоспары кейінге қалып қоюы мүмкін. Тыраштанғанмен артық ақша жинауы қиындау. Қандай жағдайда да қарыз алмауға тырысу керек.
Көлік жүргізгенде абай болғаны дұрыс. Сәуір-мамыр, қазан айларында денсаулығын ерекше күткені абзал. Жақын туысының денсаулығын түзеуіне жәрдемдескені құп.
Балықтар тек алға ұмтылады
Еңбек пен табыс табу деп жүріп жылдың зымырап өткенін сезбей қалады. Қызметтегі болмашы мақтау әріптестерінің көре алмаушылығын оятады. Сын айтушылармен ұрысқанша, еселеп еңбек ете берсеңіз ұтасыз.
Қаржы құюға тура келетін жоспарларды келесі жылға қалдырғаны жөн. Жиһаз сатып алса ұтылмайды. Сәуір айында жаңа жұмыс ұсынушылар болуы мүмкін, оны жағдайға қарай ойланып көру керек.
Ұзынқұлақтан келген әңгіменің бәрін жаныңызға жақын қабылдау жүйкені жұқартып, жүректі ауыртады. Оданша белді бекем буып, тек алға ұмтылған дұрыс.
Бұл жыл өткен жылдардағы қателік үшін кешірім сұрау мәселесі жиі мазалайды, ойланыңыз.
Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!