05 | 02 | 2012
Заманауи бейнебаяндар
Фотосуреттер
< Сәуір 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
Әріптестер

www.baq.kz

Ауа райы

Валюта бағамы

Курс валют доллара евро рубля в Казахстане

Құлағыңыз түрік жүрсін!

samala

* Жаңа әрі жанға жайлы

* Орталық әрі тыныш жер

* Жан-жақты әрі жақсы жағдай

* Көңілге тура әрі қалтаға лайық баға

Мекен-жайымыз:

Шымкент қаласы,

Ақпан батыр көшесі, 23-үй.

(Майлықожа көшесінің қиылысы).

Тел.: 8(725-2) 53-26-79.

Моб.: 8-775-92-47-999.

Қадірлі қонағымыз болыңыз!

Құлағыңыз түрік жүрсін
«Заманаға» жазылу жалғаса береді

«Замана» газетіне жа­зы­лу жыл бойына жал­ғаса бе­ретінін естеріңізге саламыз.

Егер Сіз бүгін-ертең ба­рып жазылсаңыз, келе­сі айдан­ бастап газет қо­лыңызға тиетін болады.

«Ауырмаңыз!», «Керек кеңестер», «Қызық газет», «Тылсым дү­ние»­ басылымдарын да келесі айдан бастап жаздыра аласыздар.

Елге арналған газет­термен етене болыңыз, ағайын!

Сізге арналған сәлемхат

Құттықтаймыз!

* Айзат және Нұрзат! Сендерді сегіз айға толған туған күнде­ріңмен құттықтаймыз! Апасы, атасы, бабасы. 8-775-458-20-89.

* Ұлымыз Мейіржан Нұрғалиды 23-қараша – туған күнімен құттықтаймыз. Дені сау, үлкен азамат болсын! Әкесі Ерік, анасы Гүлназ. 8-702-748-37-42.

* Бөлеміз Айнұрды 18-қараша – туған күнімен құттықтаймыз. Мөлдір судай шаттықты, аппақ гүлдей ақтықты тілейміз. Жұлдыздардай жарқырап, бол әрқашан бақытты! Зор денсаулық, мол бақыт, ұзақ ғұмыр тілейміз. Өмірлік серігің болсын! Сені жақсы кө­реміз. Тілек білдірушілер – жезде және бөле­лерің. 8-775-956-21-89.

* Ағам Ерғали Ниятбековті 14-қараша – туған күнімен шын жү­ректен құттықтаймын! Оған бұл өмірдегі барлық жақсылықты тілеймін. Өмірде бақытты бол! Қа­рындасы Жазира. 8-775-648-93-21.

* Анаргүл, туған күнің құтты болсын! Тілек білдірушілер – Досым, Гүлжан. 8-702-811-65-33.

* Айман жеңгемізді өткен ту­ған күнімен құттықтаймыз. Азамат ағам екеуіңіз бақытты болыңыздар! Аягөз, Асқат, Аят. 8-775-497-94-95.

Жаңа кітап

3

Қазақтың ұлт­тық тағамдары

«Замана» Баспа үйінен «Қазақтың ұлт­тық тағамдары» атты кітап жарық көрді. Онда ұлтымыздың жең­сік тағамдары мен оларды даяр­лау жол­да­ры, қазақи дас­­тар­­хан­ға қатысты әдет-ғұрып, жөн-жосық, салт-дәс­түрлер баян­дал­ған. Кі­тапта сонымен қа­тар қа­дірлі қо­нақтарға, құ­да-жек­жаттар­ға, жасы үлкен аға­йынға тартылатын сый та­бақ, ұлт­тық тағамдарды дәмді етіп әзірлеудің құпияла­ры да жазыл­ған. Ұлттық ыдыс-аяқтар мен тағам­дар­ға­­ қа­тысты қазақтың ырымдары мен тиым­дары да қамтылған кітаптың әр шаңырақтан табылғаны жөн-ақ.

Сіздер бұл кітапты барлық жердегі газет таратушылардан сатып ала аласыздар. Ал көтерме сауда жөнінде мына телефондарға хабарласуға болады: (8-725-2)-53-50-94,  43-24-67.

Жаңа кітап

01

Әйелдер, Сіздер үшін!

Көктемде әсіресе қыз-келіншектер әсемденіп, бой-бас­тарына шындап көңіл бөле бастайды. Оларға мұн­дай­да әсемдік сырлары, денсаулық күтімі туралы ақыл-ке­ңестер керек-ақ. Осы орайда «Замана» баспасы оқырман назарына «Әйелдерге арналған әңгіме» деп аталатын танымдық кітап ұсынғанын естеріңізге саламыз. Бұл кітаптан әйелдерге қажетті сан түрлі ақыл-кеңестерді таба аласыздар.

Жаңа кітап

003

Жар таңдай білесіз бе?

Көктемде ел ішінде үйлену тойлары көбе­йе­ді. Ал үйленудің өзі де жан-жақты дайындықты қажет ететін маңызды іс, өмір­дің ыс­тық­-суығын бірге көтері­се­ ала­тын жар табу әр­кімнің-ақ арманы. Осы орайда «Замана» баспасы оқырманға «Жар таңдай біле­сің бе?» деген тақырыпта шыққан кітапты ұсынады.

Жаңа кітап

012

Тез байығыңыз келсе...

Онда «Замана» баспасынан жарық көрген «Тез байығыңыз келе ме?» деген кітапты алып оқ­ып көріңіз. Бұл кітапта бақуат тұрмысқа қол жет­­кізудің қыр-сырлары жөнінде егжей-тегжейлі айтылады. Ол көп нәрсеге көзіңізді ашары анық.

 

Құлағыңыз түрік жүрсін!
«Керек кеңестерден» кеңес алыңыз
Өмірдің әр саласында әркімнің өз көрген-білгені, көңілге түйгені бар. Осы тұрғыда ол туыстарына ғана емес, қажет еткен басқа жандарға да пайдалы ақыл-кеңестерін беріп отырады. Ал мұндай сауапты іске газеттер атсалысса, оның көпшілікке берері тіпті де еселене түспек. Бұл бағытта «Замананың» қосымшасы – «Керек кеңестер» газетінің атқарып жатқан істері жетерлік.
«Керек кеңестер» газетінің биылғы 1-ші нөмірі жарыққа шықты. Онда тұрмыс-тіршіліктің сан саласын қамтитын түрлі кеңестер молынан жарияланған. Оқыңыз, керегіңізге жаратыңыз!

 

Негізгі бет Оқиға ортасында Қазақстанда қанша "авторитет" бар?
Қазақстанда қанша "авторитет" бар?
22.05.2009 12:34

Таяуда еліміздің құқық қорғаушылары  Қазақстандағы қылмыс әлеміне өз ықпалдарын орнату мақсатында Алматыға келген бірнеше «заңды ұрыларды» қолға тү­сіргені туралы мәлімдеген болатын. «Ворлардың» барлығы да Ресей мен Грузиядан келген екен. Алматы мен Алматы облысында бірқатар жиындар өткізбек болған оларды тұтқындау арқылы құқық қорғаушылар бірнеше «тапсырыстың», яғни кісі өлті­рудің алдын алған. Сонымен қатар қыл­мыстық топтар арасында ықпал жүргізу аумағы үшін болуы мүмкін «разборкалардың» да жолын кескені туралы айтылады.

avtoritetДей тұрғанмен таяуда ішкі істер ми­нистрлігінің кейбір жауапты қызметкер­лері аузынан республикамызда  қыл­мыстық ахуалдың өршіп кетуі мүмкін екендігі туралы да айтылып қалды. Елі­мізде жұмыссыз­дықтың белең алуына байланысты қылмыстың арта түсуі ықтимал көрінеді. Әсіресе бұл Орта Азия ау­мағының мә­дени және қаржы орталығы саналатын Алматыда орын алуы мүмкін. Өйткені Алматыда жұмысын жүргізіп жат­қан отандық кәсіпкерлер көп, ақша да мол. Қала қылмыс әлемін осынысымен қызықтырады. Онда 90-шы жылдардағы дағдарыс кезінде туындап, қалыптасып қалған қылмыстық орта бар.

Таяуда интернетте Алматыда және Оңтүстік облыстарда бұрынғы-соңғы осындай ұйымдасқан қылмыстық ұйымдар туралы мәліметтер жарияланды (Ол жайлы біз «Заңнамада» жаз­ған болатынбыз). Олар туралы Алматы қалалық ішкі істер басқармасының бұ­рынғы қызметкері әңгімелеп беріпті. Оның айтуына қарағанда, 90-шы жылдардың басында Алматыға жан-жақтан қылмыстық топтар жинала бастаған. Сөйтіп ондағы ұйымдасқан қылмыстық топтардың жалпы саны 100-ден асып кеткен көрінеді. Олар негізінен туыстық және жерлестік ерекшеліктеріне қарай құрылған. Басым бөлігі Шымкенттен, Тараздан, Қызылорда мен Талдықорғаннан, Өскемен мен Семейден болған.

Мысалы, «Четыре брата» аталатын ұйымдасқан қылмыстық топ қатарына адамды еліміздің оңтүстік облыстарынан, Алматы малдәрігерлік институтының студенттерінен тартса, «Рыжий Алмаздың» басшысы Алмаз Нәсенов (1998 жылы Испанияда, Барселона тү­бін­дегі виллада қастандықпен атып өл­тірілген) шығыс аумақтан келгендерді жиған. Ал «Атаба» тобына оңтүстіктен де, шығыстан да мүше болғандар бар.

«Четыре брата» ұйымдасқан қыл­мыстық тобында 100-ге жуық адам бар. Бұл топ қазір «Айшуақ – Жантүгел» деп аталады. Бұрынғы ішкі істер басқар­масы қызметкерінің сөзіне қарағанда,олар ТМД елдеріндегі, әсіресе Ресейдегі қылмыс әлемімен байланыста, Түркия, Болгария, Біріккен Араб Әмірліктері елдерін­дегі қылмыстық топтармен де байланыс ұстайды. Есірткі, жанар-жағармай, ойын-сауық және сауда бизнесін қадағалайды, автотұрақтарды бақылайды. Қа­зақстан – Қытай арасындағы контрабандалық тауар айналымын, астық пен жұмыртқа өндірісін, теміржол тасымалын назарда ұстайды.

«Рыжий Алмазда» 80 шақты адам бар. Ол автосалондар жүйесін, көтерме сауда базарын, бензин саудасымен айналысатын әйгілі компания, Маңғыстау облысындағы бірнеше мұнай скважиналарын, ойын-сауық және шоу-бизнес нысандарын «крышевать» етеді.

«Атабаға» 40 шақты адам мүше. Басшылары 2006 жылы полициямен қақтығыста қаза болған. Бұл топ арақ-шарап бизнесіне, «Құлагер» базарына, Қазақстан – Қытай шекарасы аумағындағы саудаға қадағалау орнатуды көздейді.

«Адай» ұйымдасқан қылмыстық тобы «Атабамен», «Четыре брата», «Вайнах», «Махновцы» ұйымдасқан қылмыстық топтарымен достық қатынаста. Араларында «разборкалар» да болған. Бұл топ «Көкбазарды», «Алматы – Мәскеу» жолындағы жүк тасымалын, көтерме сауда базарын қадағалаған. Қазақстан – Қытай шекарасы арқылы өтетін контрабандалық тауарлар саудасын, Қарағанды облысындағы көмір бизнесін басқа топтармен бөлісе отырып қадағалайды.

Қылмыстық әлемде «Махара – Чива­нин»­ деген топ бар көрінеді. Онда 45 адам бар. Оларды армрестлингтен әлем чемпионы Вячеслав Чиванин мен оның досы Махара басқарған. Чиванинді 2001 жылы біреулер өлтіріп кетті. Бұл топ ескі автокөліктер және қосалқы бөлшектер саудасын қадағалаған, алаяқтықпен айналысқан.

Бұлардан бөлек жеті ұсақ топтардан құралған үш этникалық, яғни ұлттық ерек­ше­лігіне орай ұйымдасқан топ бар. Олар қаржы саласындағы, ақшаны заңдас­тыру бағытындағы істермен, алаяқтықпен, кепілге адам алу, көлік ұрлап сату, қару тасымалымен айналысады. Сондай-ақ олар кейбір мұнай өндіруші кәсіп­орындардың жұмысын және еліміздің солтүстік, орталық облыстарындағы ас­тық саудасын қадағалайды.

«Киса» тобының құрамында 25 адам бар. Басшысы Қазақстандағы ірі құ­рылыс компанияларының бірін бас­қар­ған, Алматыдағы шоу-бизнес пен шығыс жекпе-жегіне үйрететін залдарды бақы­лауда ұстаған.

«Рыбачинские» тобында 90-жылдары 30 адам болыпты. Туристік агенттіктер жүйесін, Шығыс Қазақстандағы балық саудасын, Алакөл көлі аумағын, ішінара Қазақстан – Қытай шекарасы аумағын бақылауда ұстайды. Қара және түсті металл саудасымен айналысады.

Осы «Рыбачинские» тобының соңғы кездері белсенді қимылдай бастағаны туралы айтылады. Олар таяуда «Алматы – Үрімші» бағытындағы жолды бақылайтын үш топты өз аумағынан ығыстыра бастаған. Осыған байланысты «раз­борка» кезінде қарсыластарының үш адамын­ өлтіріп кеткен. Осыдан кейін олар Қорғасқа шығатын жолды ба­қылауға алып, Қапшағайдағы ойын автоматтары залдарын өздеріне қарат­қан. Сөйтіп Алматыдағы ойын-сауық орталықтарына ауыз сала бастапты. Қазір олар «Айшуақ – Жантүгел» («Четыре брата») тобымен текетіресуде деседі.

Ағайынды екі жігіт басқаратын «Ягуаровские» тобында 25 адам бар. Олар «өз» кәсіпкерлерін және шоу-бизнестің бір бөлігін бақылауда ұстайды.

Алматыдағы Саин көшесі бойындағы «түнгі көбелектер» жұмысын қадағалайтын топ 40 адамнан тұратын «Устькаман – Семск» деп аталатын көрінеді.

«Сайгаки» тобы қарақшылық шабуыл­ және тонаумен айналысқан.

«Депутатский корпус» тобында 35 адам бар. «Чемпион» деген лақап аты бар адам басқарған. Бокс және кү­рес залдарын, спорттық іс-шараларды, сонымен қатар ішінара Қазақстан – Қы­тай шекарасындағы тауарлар контрабандасына ба­қылау жүргіз­ген.

«Қырықбаевтар» тобында 30 шақты адам бар. Жамбыл облысы аумағын, Қазақ – Қырғыз шекарасын, Тараздағы қонақүй және ойын бизнесін, есірткі тасымалын бақылауда ұстаған.

«Заводские» тобы. Құрамында 20-ға тарта адамы бар бұл топ Жамбыл облысы аумағын, «Қордай» кеден бекетін, ойын бизнесін, есірткі тасымалын бақылауда ұс­таған. Тараздағы бірнеше зауыттарды «крышевать» еткен. «Қы­рықбаевтармен» жауласқан.

Бұлардан бөлек КСРО кезінен келе жатқан Леха Маймыш, Серік-Голова, Абрам­ атты «ворлардың» басқаруында­ғы қоғамдасқан қылмыстық топтар бар.

Қазір Павлодар түрмесінде отырған Леха Маймыш Қазақстандағы ең ық­палды «вор» саналады. Барнаул, Челябинск, Санкт-Петербург, Тюмень, Қа­зан қалала­рындағы «ворлармен» тығыз байланыста. Қазақстандағы барлық ең­бекпен түзеу мекеме­лері оның ықпалында, тіпті түрме­дегі «положе­нец­тердің» өзі соның айтуымен тағайындалатын көрі­не­ді. «Общактың» қаржысын да сол бөледі деседі. Ол Ауғанстан – Қырғызстан – Оңтүстік Қазақстан облысы – Орал – Сібір бағытында есірт­кі тасы­малын жол­ға қойған көрінеді. Ресейден жет­кізілетін мұ­найға, Қазақстанның агроөнеркәсіп секторына бақылау ор­нату ойында бар.

«Серік-Голова» қоғамдасқан қыл­мыстық тобы еліміздің оңтүстік облы­с­тарындағы есірткі тасымалы­ мен сау­дасын бақылауға алған­. Басшысы 1995 жылы Сочиде «вор» атағын алған. Қазір есірткіні заңсыз сақтаған және журналист Оралғайша Омаршанованы ұрлаған деген күдікпен қамауда отыр.

«Абрам» қоғамдасқан қыл­мыстық тобының 170-ке жуық мүшесі бар. Жанар-жағармай және есірткі саудасын бақылайды. Басшы­сы – Абрам заңсыз есірткі сақтағаны үшін 3 жылға соттал­ған. Алма­ты бойынша «общакты» ұстайды, түр­мелерге ықпал жүргі­зеді. Ресей­ «ворларымен» тығыз байланыста және солардың қолдауын пай­даланады.

Рэкетпен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топтар алғашында бұрыннан келе жатқан «вор­лар» мен «авторитеттерге» бой бермеген, оларды мойын­да­маған екен. Кейіннен олармен ол­жа бө­лісулеріне тура келген. Өйт­кені Абрам,­ Серік-Голова, Леха Маймыш сияқты «ворлар» өзде­рі­нің ТМД елдері бойынша «әріп­тестері­мен» тығыз байла­ныс­та, солардың көмегін пайдаланады. Ал олар­дың «қолы ұзын», бұ­рыннан қалыптасқан байланыстары бар, әсіресе түр­ме­лерді өз үйлеріндей басқарады. Ұйымдас­қан қылмыстық топ мүшелерінің барлығы дерлік спортпен айналысатын күшті, жүректі бол­ғаны­мен түптің-түбінде істі болып түр­меге түседі. «Ворлар» ық­палын­дағы түрмеде олар­ға еш­қан­дай спорт түрі көмектесе алмайды. Осындай себеппен көптеген ұйымдасқан қыл­мыстық топ мү­шелері келе-келе «ворлар» басқаратын қо­ғам­дас­қан қыл­мыс­тық топтарға ауысқан.

Бүгінгі күндері Алматыда 4 ұйым­дасқан қылмыстық топ тір­кеуде тұр. Олар: «Адамбаев – Нұ­ра­лин» («Рыжий Алмаз»), «Айшуақ – Жантүгел» («Четыре брата»), «Абрам» және «Атаба». Бұлардан басқа қылмыстық әлемнің 27 «ав­торитеті» адамдарымен, «Сайгаки» аталатын қарақшылық шабуыл және тонау­мен айналысатын топ әрекет етеді.

Алматы облысы бойынша «Ры­­­ба­чинские», «Сайдаховцы», «Горцы», «Башка», «Макар», «Шайба», «Кызылжарские», «Жар­­кен­т­ские» аталатын сегіз топ,алты «авторитет» тіркеуде.

Жамбыл облысы бойынша – 6, Оң­түстік Қазақстан облысында – 8, Қы­зылор­да облысында – 6 ұйымдасқан қылмыстық топ құқық қорғаушылар назарында тұр.

Құқық қорғау органдары басшыларының мәлімдеуінше, биылғы жылы ұйымдасқан қылмыстық топтар жасаған 22 қылмыстық­ іс анықталған. Олар Се­рік­-Голова­ мен «вор» статусына үміткер Курка дегенді, олармен қоса Же­тісу аудандық сотынан тал түсте қа­шып кеткен,­ кейін өзін тұтқын­ға алмақ бол­ған үш қарағандылық полицейді пы­шақ­пен жаралаған Арман Мырзамбетовты ұс­та­ған. Оңтүстік аумақтағы «общакты» ұстаушы Оспановты тұтқындаған. Бұдан басқа да қолға түсіп жатқандар жетер­лік. Оларды­ қаржыландырушы 4 нүкте анықталған.

Р. ҚЫДЫР.


 

Пікір қосу

Қорғаушы код
Жаңалау

Бәріңе! Бәріңе! Бәріңе!

zamana-13

«Заманаға» автор болуға асығыңыз!

Ол үшін қомақты қаламақы төленеді

Құрметті оқырман!

Егер Сіз айрықша ақпараттардан хабардар болсаңыз, таңғажайып оқиғаның ортасынан табылсаңыз, тосын көріністерге куә болсаңыз, онда шұғыл түрде бізбен байланысқа шығыңыз.

Өзіңіз көзбен көрген оқиғаның мән-жайын тез арада жазып, суретімен қоса бізге жолдар болсаңыз тіпті жақсы.

Ең бастысы, нақтылық, жеделдік, шындық қажет.

Бұл орайда жағымды жаңалықтар да, келеңсіз көріністер де тақырып арқауына айнала алады.

Мұндай хабарларды Қазақстанның кез-келген түкпірінен жолдауыңызға болады.

Назар аударыңыз: Газетке пайдалануға жарайтын айрықша ақпараттар үшін бір мың теңге мен он мың теңге аралығында қаламақы төленеді.

Ал тұрақты түрде атсалысушы азаматтарға қосымша сыйлықтар, арнайы жолдамалар тағайындалады. Сондай-ақ таяу келешекте жасына, мамандығына қарамай-ақ кесімді жалақы төленіп тұратын жұмыс ұсынылуы мүмкін.

Қысқасы, «Замана» өзінің барлық оқырманымен сенімді серіктес әрі әріптес болуға қашан да дайын! «Заманаға» автор болуға асығыңыздар!

Біздің электрондық почтамыз: zamana_shmk@maіl.ru.

Жұлдызнама
juldiznama
(23.01 - 28.01)
Тоқты (21.03-30.04)

Жұмысыңыз біршама көбеюі мүмкін. Өзгелермен түсінісе, тіл табыса қимылдауға мән беріңіз.

Торпақ (21.04-21.05)

Сіздің әрекеттеріңізге көп нәрсе байланысты. Әсіресе отбасылық мәселелерде мұқият болғайсыз.

Егіздер (22.05-21.06)

Жақын адамыңызбен тізе қоса қимылдағаныңыз дұрыс. Оның пайдасын молынан көреріңіз анық.

Шаян (22.06-23.07)

Апта күндері сізден жинақылықты талап ете­ді. Негізгі шаруаларды бір жүйелеп алғаныңыз абзал.

Арыстан (24.07-23.08)

Жолыңыз ашық, көңі­ліңіз көтеріңкі болады. Сізден біреу жәрдем сұрауы мүм­кін, демеп жібергеніңіз жөн.

Бикеш (24.08-23.09)

Қай шаруаға да ойланбай қойып кетуден сақтаныңыз. Бұл аптада осыны ұмытпағаныңыз дұрыс.

Таразы (24.09-23.10)

Басты жұмысты бір жүйелеп қоюға тырысыңыз. Денсаулық мәселесін де назарда ұстағайсыз.

Сарышаян (24.10-22.11)

 

Сізге аптаның ортасындағы күндер жайлы тимек. Маңызды істерге бел шеше кіріссеңіз болады.

Мерген (23.11-21.12)

 

Сөзіңіз бен ісіңіздің бір жерден шығуын назардан тыс қалдырмаңыз. Сізге көз тігушілер бар.

Тауешкі (22.12-20.01)

Ойда жүрген шаруаға осы аптада кіріскеніңіз дұрыс. Сізге досыңыздың жәр­демі тигелі тұр.

Суқұйғыш (21.01-19.02)

Белсендірек болуыңыз қажет. Бұл – мүмкін­діктер аптасы, қолайлы сәттерді қалт жіберіп алмаңыз.

Балық (20.02-20.03)

 

Ішкі түйсігіңізге сеніп әрекет етсеңіз, адаспайсыз. Қомақты олжаға қол жеткі­зуіңіз мүмкін.


Құлағыңыз түрік жүрсін

aur2012

«Ауырмаңыз!» газетінде не жазылған?

*Аязды күндері кейбір адамдарды терісі қышып, әбіржі­тетіні, ісініп, онда бөртпелер пайда болатыны бар. Медицина тілінде бұл «суыққа аллергия» деп аталады. Суыққа аллергия көбіне бұрын жұқпалы аурулармен ауырған адамдарда 25-30 жастан кейін пайда болады екен. Мұндай аллергиядан қа­лай арылуға болады? Аяздан болатын аллергияға шалдықпас үшін не істеу керек?

* Қыстыгүні жас балаларды жиі мазалайтын баспаны (ангина) болдырмайтын тәсіл бар. Ол қандай тәсіл?
* Көздің көру қабілетін жақ­сар­тып, бұлдырағанын халықтық тәсілдермен де емдеуге болады екен. Ол үшін аса көп шығындалудың керегі жоқ. Тек...
* Көп адам моншаға түсуді тек кір­ден тазару деп қабылдайды. Сөйтіп, аптасына бір, ары кетсе екі рет моншаға түседі. Бірақ ыстық бу мен жылы судың қадірін білгенмен, пайдасын білмеген күйі моншадан шомылып қана шығады. Егер олар тиісті ережені біліп, оны орындайтын болса, монша арқылы ағзаны артық қалдықтан тазартқан болар еді. Ағзаға саулық сыйлайтын ол қандай ереже екенін білгіңіз келе ме?
* Омыртқааралық жарық (грыжа) – оңай дерт емес. Буын-буынды қақсатып, отырып-тұруды қиындататын бұл дерттің жазылуы да қиын. Дегенмен Шымкентте ине салу арқылы өзіне ғана белгілі массаж түрімен осы аурудан он күн ішінде айықтыратын дәрігер бар. Оның еміне жұрт дән риза. Себебі сүйегі сырқырап келгендер санаулы күнде үйлеріне қуана қайтады. Ол дәрігерді қайдан табуға болады?
* Ауырып қалған кей адамдарға дәрігерлер, кейде үлкендер де «қанды тазарту керек» деп жатады. Қан тазартудың денсаулыққа әсері қандай? Оны қалай тазарту керек?
...Бұл сұрақтардың жауабын «Замананың» қосымшасы – «Ауырмаңыз!» газетінің жаңа нөмірінен табасыздар.
Құлағыңыз түрік жүрсін!
kizik
«Қызық газетте»не жазылған?
Дүние есігін ашқаннан же­тімдіктің тауқыметін аз татпаған оның ең алғаш­қы сүт-анасы кәдімгі жаңадан боталаған аруана болыпты. Ержете келе бар бақытын шығармашылық өнерден тапқан сол адамның тағ­дыры туралы «Жетімдікті же­ңіп, жетілген жан» деп аталатын хикая «Қызық газет­тің» осы аптада жарық көрген жаңа нөмірінде жарияланған.
Сондай-ақ аталмыш басылымға қандықол қыл­мыскерлерді құрықтаған бұрынғы полиция қыз­мет­керінің жан сыры мен сезім сергелдеңіне түсіп, жат елге кетуге мәжбүр болған жас қыздың басынан кешкендері жайында жазылған тағы да екі хикая еніп отыр.
Оқыңыз, өкінбейсіз!
Құлағыңыз түрік жүрсін!

samala-2

* Новая, уютная

* Тихий центр

* Все условия

* Умеренная цена

Наш адрес:

г. Шымкент,

ул. Акпан батыра, 23.

(уг. улицы Майлыкожа.).

Тел.: 8(725-2) 53-26-79.

Моб.: 8-775-92-47-999.

Будьте нашим гостем!

"Керек кеңестер"

«Керек кеңестерден» кеңес алыңыз

Өмірдің әр саласында әркімнің өз көрген-білгені, көңілге түйгені бар. Осы тұрғыда ол туыстарына ғана емес, қажет еткен басқа жандарға да пайдалы ақыл-кеңестерін беріп отырады. Ал мұндай сауапты іске газеттер атсалысса, оның көпшілікке берері тіпті де еселене түспек. Бұл бағытта «Замананың» қосымшасы – «Керек кеңестер» газетінің атқарып жатқан істері жетерлік.

«Керек кеңестер» газетінің биылғы 1-ші нөмірі жарыққа шықты. Онда тұрмыс-тіршіліктің сан саласын қамтитын түрлі кеңестер молынан жарияланған. Оқыңыз, керегіңізге жаратыңыз!

SMS

sms

"Замана" арқылы сәлемдеме жолдай аласыз

Құрметті оқырман!

Сіз бұдан былайғы жерде «Замана» газетінің редакциясына, сондай-ақ біздің газеттің барлық жердегі оқырмандары үшін өз атыңыздан шұғыл түрде, тікелей телефон арқылы

SMS – хабарлама

жолдай аласыз. Атап айтқанда, Сіз біздің арнайы ұялы байланыс телефондарымызға хабарласа отырып, мынадай мәселелер бойынша жеке басыңыздың сәлемдемесін жеткізуіңізге болады:

– сүйінші сұрау; алғыс айту; жоқ іздеу; ескертпе жолдау; қуаныш бөлісу; өмірлік жар іздеу; басқа да құлақтандырулар.

Сіздердің SMS – хабарламаларыңыздың ең өзекті, зәру дегендері газетімізде тегін жарияланатын болады. Ол үшін аты-жөндеріңіз бен телефон нөмірлеріңізді көрсетуді де ұмытпасаңыздар екен.

Редакцияның тікелей ұялы байланыс телефондары:

8-702-838-09-24, 8-777-402-09-14, 8-700-390-07-60.

Сізге арналған сәлемхат
Танысқым келеді

* Сәлем, қазақтың на­мысқой жігіттері! Еңбекқор, са­быр­лы, ата-анасы мен сүй­­ген жарының арасын жақ­сы ұстай алатынына сенімді, мақсатына қа­лайда жететін жанмен достас­қым келеді. 8-705-283-25-94.

* Сәлем, қыздар! Бойы ұзын, ақылды қызбен та­ныс­­қым келеді. «Чайкалар» мазаламасын. 8-701-301-17-77.

* Сәлем! Адал дос із­деймін. 90-94 жылғылар болса. 8-775-914-85-61.

* Сәлем, Сарыағаштың қыздары, танысайық. 8-775-642-03-02.

* Сәлем, қыздар! Таныса­йық, араласайық. Логинім: beka96_ 03@aіl.ru. 8-775-446-18-41.

* Cәлем, қыздар! Өзіме қыз іздеп жүрмін. Есімім – Сма­йыл­. Логинім: sіmka_19­@­maіl.ru. 8-775-274-67-28.

* Сәлем! 1994 жылғы бола­мын. Танысайық, дос болайық, араласайық. Ло­­гинім: sandu_ nur95­@­maіl.­ru және aі­іda_nur­95@­maіl.­ru. 8-775-727-49-66.

* Мен, Әділ­­бек Мәметов адал қыздармен танысқым келеді. 8-775-153-46-88.

* Ассалаумағалейкүм, мұ­сыл­ман бауырлар! Өзіме дос бола­тын қыз іздеймін. Иман­ды, на­маз оқитын болса. Ло­ги­нім: Mr_tіm_95@­maіl.ru. 8-702-543-14-62.

* Мен Қызылтаңнан боламын. Маған сарыағаштық Арайлым деген қыз ұнайды. Оған сенгім келеді. Логинім: galym_ 12_95@maіl.ru. 8-775-439-84-04.

* Ассалаумағалейкүм! Намазхан қыздармен танысып, араласқым келеді. Логинім: wіmkala_ 90@maіl.ru. 8-702-751-14-32.

* Сәлем, қыздар! Мен өзіме адал жар болатын қыз іздеймін. 83-жылғымын, әлі үйленбе­генмін. 8-775-597-71-49.

* Сәлем, жігіттер! Танысайық, дос болайық. 8-775-658-06-20.

* Cәлем, қыздар! Жасы 26-ға дейінгі қыздармен танысамын. Жеңіл ойлылар мазаламасын. 8-775-687-37-44.

* Ассалаумағалейкүм, жа­мағат! Жасым 21-де. 22-28 жас аралығындағы намаз оқи­тын жігіттермен танысып, отбасын құрғым келеді. 8-702-660-52-68.

* Сәлем, қыздар! Танысайық. Логинім: almas_­92­29@maіl.ru. 8-771-149-98-92.

* Бойы ұзын, 94-95 жыл­ғы сұлу жігіттер, танысайық. Арыстықтар, қайдасыңдар? 8-775-157-93-82.

* Сәлем, қыздар! 97-жыл­ғы қыздар, танысайық. Логи­нім: bіrzhan_001kz. 8-775-284-34-27.

* Ассалаумағалейкүм! Аллаһтың әмірін бұлжытпай орындайтын, Пайғамбардың сүнне­тін жанына жылу еткен, Имам Ағзам Әбу Ханифа маз­һабын ұста­натын, шариғат ілі­мінен хабары бар, өте әдепті, ибалы да инабатты мұсылман қыздармен танысқым ке­леді. 81-ші жыл­ғымын. Жеңіл ойлылар мазаламауын өтіне­мін. 8-775-712-34-03.

* Сәлем, қыздар! Та­нысайық, араласайық. Логи­нім: serjan_ 246@maіl.ru. 8-771-143-33-14.

* Қыздар, танысайық. Ма­ған «дружба» тастаңдар. Логи­нім: urіk_96_01@maіl.ru. 8-775-987-50-36.

* Сәлем, жігіттер мен қыздар! Танысайық, араласайық. Логинім: aіka.b.­92­@maіl.ru. 8-702-825-64-78.