«Замана» газетіне жазылу жыл бойына жалғаса беретінін естеріңізге саламыз.
Егер Сіз бүгін-ертең барып жазылсаңыз, келесі айдан бастап газет қолыңызға тиетін болады.
«Ауырмаңыз!», «Керек кеңестер», «Қызық газет», «Тылсым дүние» басылымдарын да келесі айдан бастап жаздыра аласыздар.
Елге арналған газеттермен етене болыңыз, ағайын!
Сізге арналған сәлемхат
Құттықтаймыз!
* Айзат және Нұрзат! Сендерді сегіз айға толған туған күндеріңмен құттықтаймыз! Апасы, атасы, бабасы. 8-775-458-20-89.
* Ұлымыз Мейіржан Нұрғалиды 23-қараша – туған күнімен құттықтаймыз. Дені сау, үлкен азамат болсын! Әкесі Ерік, анасы Гүлназ. 8-702-748-37-42.
* Бөлеміз Айнұрды 18-қараша – туған күнімен құттықтаймыз. Мөлдір судай шаттықты, аппақ гүлдей ақтықты тілейміз. Жұлдыздардай жарқырап, бол әрқашан бақытты! Зор денсаулық, мол бақыт, ұзақ ғұмыр тілейміз. Өмірлік серігің болсын! Сені жақсы көреміз. Тілек білдірушілер – жезде және бөлелерің. 8-775-956-21-89.
* Ағам Ерғали Ниятбековті 14-қараша – туған күнімен шын жүректен құттықтаймын! Оған бұл өмірдегі барлық жақсылықты тілеймін. Өмірде бақытты бол! Қарындасы Жазира. 8-775-648-93-21.
* Айман жеңгемізді өткен туған күнімен құттықтаймыз. Азамат ағам екеуіңіз бақытты болыңыздар! Аягөз, Асқат, Аят. 8-775-497-94-95.
Жаңа кітап
Қазақтың ұлттық тағамдары
«Замана» Баспа үйінен «Қазақтың ұлттық тағамдары» атты кітап жарық көрді. Онда ұлтымыздың жеңсік тағамдары мен оларды даярлау жолдары, қазақи дастарханға қатысты әдет-ғұрып, жөн-жосық, салт-дәстүрлер баяндалған. Кітапта сонымен қатар қадірлі қонақтарға, құда-жекжаттарға, жасы үлкен ағайынға тартылатын сый табақ, ұлттық тағамдарды дәмді етіп әзірлеудің құпиялары да жазылған. Ұлттық ыдыс-аяқтар мен тағамдарға қатысты қазақтың ырымдары мен тиымдары да қамтылған кітаптың әр шаңырақтан табылғаны жөн-ақ.
Сіздер бұл кітапты барлық жердегі газет таратушылардан сатып ала аласыздар. Ал көтерме сауда жөнінде мына телефондарға хабарласуға болады: (8-725-2)-53-50-94, 43-24-67.
Жаңа кітап
Әйелдер, Сіздер үшін!
Көктемде әсіресе қыз-келіншектер әсемденіп, бой-бастарына шындап көңіл бөле бастайды. Оларға мұндайда әсемдік сырлары, денсаулық күтімі туралы ақыл-кеңестер керек-ақ. Осы орайда «Замана» баспасы оқырман назарына «Әйелдерге арналған әңгіме» деп аталатын танымдық кітап ұсынғанын естеріңізге саламыз. Бұл кітаптан әйелдерге қажетті сан түрлі ақыл-кеңестерді таба аласыздар.
Жаңа кітап
Жар таңдай білесіз бе?
Көктемде ел ішінде үйлену тойлары көбейеді. Ал үйленудің өзі де жан-жақты дайындықты қажет ететін маңызды іс, өмірдің ыстық-суығын бірге көтерісе алатын жар табу әркімнің-ақ арманы. Осы орайда «Замана» баспасы оқырманға «Жар таңдай білесің бе?» деген тақырыпта шыққан кітапты ұсынады.
Жаңа кітап
Тез байығыңыз келсе...
Онда «Замана» баспасынан жарық көрген «Тез байығыңыз келе ме?» деген кітапты алып оқып көріңіз. Бұл кітапта бақуат тұрмысқа қол жеткізудің қыр-сырлары жөнінде егжей-тегжейлі айтылады. Ол көп нәрсеге көзіңізді ашары анық.
Құлағыңыз түрік жүрсін!
«Керек кеңестерден» кеңес алыңыз
Өмірдің әр саласында әркімнің өз көрген-білгені, көңілге түйгені бар. Осы тұрғыда ол туыстарына ғана емес, қажет еткен басқа жандарға да пайдалы ақыл-кеңестерін беріп отырады. Ал мұндай сауапты іске газеттер атсалысса, оның көпшілікке берері тіпті де еселене түспек. Бұл бағытта «Замананың» қосымшасы – «Керек кеңестер» газетінің атқарып жатқан істері жетерлік.
«Керек кеңестер» газетінің биылғы 1-ші нөмірі жарыққа шықты. Онда тұрмыс-тіршіліктің сан саласын қамтитын түрлі кеңестер молынан жарияланған. Оқыңыз, керегіңізге жаратыңыз!
Дәл қазір жер-жерлерде мектеп бітіруші түлектердің тынымсыз сабақ оқып, тестке дайындалып жатқан уақыты. Сынақтан сүрінбей өткен соң бітіру кешіне деген дайындық басталып кетеді. Ондайда қыздардың кешкі отырысқа киетін киімін таңдау өте қиын. Біз бүгін сол көйлектердің бағасын, сапасын, сәндісін назарларыңызға ұсынғалы отырмыз.
Биылғы жылдың сәнді түсіне сия көк (фиолетовый) түстің еніп тұрғаны белгілі. Қазір базарларда да, киім дүкендерінде де көбіне осы түстегі киімдер сатылуда. Шымкенттегі «Бекжан» базарына кешегі аптада жаңа тауарлардың түсімі болыпты. Саудагерлер көбіне кешкі отырысқа киетін көйлектерді әкелген.
«Түркиядан кеше кешкісін келдім, – дейді Гүлшара Есенбекова есімді кәсіпкер. – Әкелген тауарларымның сапасы да, сыртқы көрінісі де алушылардың көңілінен шығып жатыр. Бағасы айтарлықтай қымбат емес. Мәселен, «гипюр» деген матаға аздап атлас матасын қосып тіккен «Миледи» көйлегін 12 мың теңгеден сатып жатырмыз. Одан арзан көйлектер күнделікті киіске ыңғайлы болғанымен кешкі отырыстарға жараспай қалады.
Түркиялықтар көбіне жібек, атлас, гипюр маталардан көйлек тігеді. Иық жағы ашық, ұзындығы тізеден келетін «Принцесса» көйлегін көбіне 11-ші сынып қыздары алып жатыр екен. Оның сыртқы көрінісі де ерекше. Алдыңғы етегі үш бұрышты болып түскен, атлас матадан тігіліп, беті бисер моншақтармен әрленген көйлектің бағасы 14 мың теңгеден сатылуда.
Қалыңдық көйлектеріне арналған дүкендерде де кешкі отырыстарға киетін көйлектердің кез-келгенін жалға алуға болады. Оларды екі күнге жалға алу бағасы 5 мың теңгеден жоғары. Мұндағы кешкі көйлектерді көбіне тойға барушылар алатын көрінеді. «Қазір бұрынғыдай «бальный», яғни етегі өте кең, қалыңдық көйлегіне ұқсас киімді бітіру кешіне ешкім алмайды, – дейді дүкен сатушысы Диля. – Себебі оның ішінен көйлек әдемі көріну үшін темір юбка кию керек. Онымен жүріп-тұру да, отыру да ыңғайсыз. Сондықтан қыздар етегі қысқа, матасы жұқа көйлектерді таңдауда. Біздің дүкенде ондай көйлектердің түр-түрі бар. Бағасы да көрінісіне, матасына қарай әртүрлі. Жалға алу ақысы 5 мыңнан 20 мың теңгеге дейін».
Шымкентке, басқа да өңірлерге танымал әншілердің көйлегін тігетін Әлия есімді тігіншіге тапсырыс берушілер көбейіпті. Ол кез-келген матадан әдемі, денеге қонымды көйлектерді тіге алады. Әлия басқа тігіншілерге қарағанда тігу ақысының жоғары екендігін айтты.
«Дүкенде тұрған кез-келген көйлекті тапсырыс берушінің дене бітіміне, бойына лайықтап айнытпай тіге аламын. Осы салада жұмыс істеп жатқаныма 15 жыл болып қалды, – дейді тігінші. – Эстрада әншілері келіп тапсырыс береді. Той, жиынға баратын қалталы апайлардың көйлегін тігіп беремін. Ал мамыр айының басынан маған мектеп бітіруші қыздар келеді. Мен матаның бағасына қарай ақы аламын. Яғни 3 мың теңгелік матадан үш метр әкелсе, мен тігу ақысы үшін 9 мың теңге аламын. Жуырда бір «клиентім» қызына көйлек тіктірді. «Мадонна» деп аталатын мата әкеліпті. Тізеден төмен, иығы ашық, әр жеріне асыл тастар тігілген көйлекті тігу ақысына 15 мың теңге алдым. Тапсырыс көп. Тігіп үлгере алмай жатырмын».
Қалталы, жағдайы жақсы адамдардың көбіне дүкендерден, ірі сауда орталықтарынан киім алатыны белгілі. «Евразия» базарында 10-15 мың теңгеден көйлек жоқ. Ең арзан көйлек 18 мың теңге тұрады екен. Алайда сатушылар кешкі көйлектерге деген сұраныстың аздығын айтуда.
«Ілуде бір адам алмаса көйлектерімізге деген сұраныс аз. Түркиядан қымбат келгендіктен, оны арзан бағаға сата алмаймыз. Жеңілдіктер жасап тұрамыз. Мәселен, мына қоңыр түсті юбка-костюмнің бағасы 42 мың теңге тұрады. Былтыр көктемде әкелгенмін. Біреуі-ақ сатылды. Енді осы бітіруші түлектердің «банкетін» ескеріп, 35 мың теңдеген сатпақпын», – дейді Гүлнәр есімді кәсіпкер.
Иә, киім сататын дүкендерде бағасы да, сапасы да жоғары киімдер өте көп. Алайда оны алуды кез-келген адамның қалтасы көтере бермес. Ендеше, кигенде жарасымды, денеге қонымды, көрінісі әдемі әрі бағасы қалта көтерерліктей көйлектерді таңдаған жөн болар. Себебі бұл күні қыздар бір ғана көйлек алып қоймайды, шашын әсемдетеді, көйлегіне сәйкес аяқ киім алады. Оның бәрі қыруар ақша тұрады емес пе?
С. ИКРАМҚЫЗЫ.
Пікір қосу
Бәріңе! Бәріңе! Бәріңе!
«Заманаға» автор болуға асығыңыз!
Ол үшін қомақты қаламақы төленеді
Құрметті оқырман!
Егер Сіз айрықша ақпараттардан хабардар болсаңыз, таңғажайып оқиғаның ортасынан табылсаңыз, тосын көріністерге куә болсаңыз, онда шұғыл түрде бізбен байланысқа шығыңыз.
Өзіңіз көзбен көрген оқиғаның мән-жайын тез арада жазып, суретімен қоса бізге жолдар болсаңыз тіпті жақсы.
Ең бастысы, нақтылық, жеделдік, шындық қажет.
Бұл орайда жағымды жаңалықтар да, келеңсіз көріністер де тақырып арқауына айнала алады.
Мұндай хабарларды Қазақстанның кез-келген түкпірінен жолдауыңызға болады.
Назар аударыңыз: Газетке пайдалануға жарайтын айрықша ақпараттар үшін бір мың теңге мен он мың теңге аралығында қаламақы төленеді.
Ал тұрақты түрде атсалысушы азаматтарға қосымша сыйлықтар, арнайы жолдамалар тағайындалады. Сондай-ақ таяу келешекте жасына, мамандығына қарамай-ақ кесімді жалақы төленіп тұратын жұмыс ұсынылуы мүмкін.
Қысқасы, «Замана» өзінің барлық оқырманымен сенімді серіктес әрі әріптес болуға қашан да дайын! «Заманаға» автор болуға асығыңыздар!
Біздің электрондық почтамыз: zamana_shmk@maіl.ru.
Жұлдызнама
(23.01 - 28.01)
Тоқты (21.03-30.04)
Жұмысыңыз біршама көбеюі мүмкін. Өзгелермен түсінісе, тіл табыса қимылдауға мән беріңіз.
Торпақ (21.04-21.05)
Сіздің әрекеттеріңізге көп нәрсе байланысты. Әсіресе отбасылық мәселелерде мұқият болғайсыз.
Егіздер (22.05-21.06)
Жақын адамыңызбен тізе қоса қимылдағаныңыз дұрыс. Оның пайдасын молынан көреріңіз анық.
Шаян (22.06-23.07)
Апта күндері сізден жинақылықты талап етеді. Негізгі шаруаларды бір жүйелеп алғаныңыз абзал.
Арыстан (24.07-23.08)
Жолыңыз ашық, көңіліңіз көтеріңкі болады. Сізден біреу жәрдем сұрауы мүмкін, демеп жібергеніңіз жөн.
Бикеш (24.08-23.09)
Қай шаруаға да ойланбай қойып кетуден сақтаныңыз. Бұл аптада осыны ұмытпағаныңыз дұрыс.
Таразы (24.09-23.10)
Басты жұмысты бір жүйелеп қоюға тырысыңыз. Денсаулық мәселесін де назарда ұстағайсыз.
Сарышаян (24.10-22.11)
Сізге аптаның ортасындағы күндер жайлы тимек. Маңызды істерге бел шеше кіріссеңіз болады.
Мерген (23.11-21.12)
Сөзіңіз бен ісіңіздің бір жерден шығуын назардан тыс қалдырмаңыз. Сізге көз тігушілер бар.
Тауешкі (22.12-20.01)
Ойда жүрген шаруаға осы аптада кіріскеніңіз дұрыс. Сізге досыңыздың жәрдемі тигелі тұр.
Суқұйғыш (21.01-19.02)
Белсендірек болуыңыз қажет. Бұл – мүмкіндіктер аптасы, қолайлы сәттерді қалт жіберіп алмаңыз.
Балық (20.02-20.03)
Ішкі түйсігіңізге сеніп әрекет етсеңіз, адаспайсыз. Қомақты олжаға қол жеткізуіңіз мүмкін.
Құлағыңыз түрік жүрсін
«Ауырмаңыз!» газетінде не жазылған?
*Аязды күндері кейбір адамдарды терісі қышып, әбіржітетіні, ісініп, онда бөртпелер пайда болатыны бар. Медицина тілінде бұл «суыққа аллергия» деп аталады. Суыққа аллергия көбіне бұрын жұқпалы аурулармен ауырған адамдарда 25-30 жастан кейін пайда болады екен. Мұндай аллергиядан қалай арылуға болады? Аяздан болатын аллергияға шалдықпас үшін не істеу керек?
* Қыстыгүні жас балаларды жиі мазалайтын баспаны (ангина) болдырмайтын тәсіл бар. Ол қандай тәсіл?
* Көздің көру қабілетін жақсартып, бұлдырағанын халықтық тәсілдермен де емдеуге болады екен. Ол үшін аса көп шығындалудың керегі жоқ. Тек...
* Көп адам моншаға түсуді тек кірден тазару деп қабылдайды. Сөйтіп, аптасына бір, ары кетсе екі рет моншаға түседі. Бірақ ыстық бу мен жылы судың қадірін білгенмен, пайдасын білмеген күйі моншадан шомылып қана шығады. Егер олар тиісті ережені біліп, оны орындайтын болса, монша арқылы ағзаны артық қалдықтан тазартқан болар еді. Ағзаға саулық сыйлайтын ол қандай ереже екенін білгіңіз келе ме?
* Омыртқааралық жарық (грыжа) – оңай дерт емес. Буын-буынды қақсатып, отырып-тұруды қиындататын бұл дерттің жазылуы да қиын. Дегенмен Шымкентте ине салу арқылы өзіне ғана белгілі массаж түрімен осы аурудан он күн ішінде айықтыратын дәрігер бар. Оның еміне жұрт дән риза. Себебі сүйегі сырқырап келгендер санаулы күнде үйлеріне қуана қайтады. Ол дәрігерді қайдан табуға болады?
* Ауырып қалған кей адамдарға дәрігерлер, кейде үлкендер де «қанды тазарту керек» деп жатады. Қан тазартудың денсаулыққа әсері қандай? Оны қалай тазарту керек?
...Бұл сұрақтардың жауабын «Замананың» қосымшасы – «Ауырмаңыз!» газетінің жаңа нөмірінен табасыздар.
Құлағыңыз түрік жүрсін!
«Қызық газетте»не жазылған?
Дүние есігін ашқаннан жетімдіктің тауқыметін аз татпаған оның ең алғашқы сүт-анасы кәдімгі жаңадан боталаған аруана болыпты. Ержете келе бар бақытын шығармашылық өнерден тапқан сол адамның тағдыры туралы «Жетімдікті жеңіп, жетілген жан» деп аталатын хикая «Қызық газеттің» осы аптада жарық көрген жаңа нөмірінде жарияланған.
Сондай-ақ аталмыш басылымға қандықол қылмыскерлерді құрықтаған бұрынғы полиция қызметкерінің жан сыры мен сезім сергелдеңіне түсіп, жат елге кетуге мәжбүр болған жас қыздың басынан кешкендері жайында жазылған тағы да екі хикая еніп отыр.
Оқыңыз, өкінбейсіз!
Құлағыңыз түрік жүрсін!
* Новая, уютная
* Тихий центр
* Все условия
* Умеренная цена
Наш адрес:
г. Шымкент,
ул. Акпан батыра, 23.
(уг. улицы Майлыкожа.).
Тел.: 8(725-2) 53-26-79.
Моб.: 8-775-92-47-999.
Будьте нашим гостем!
"Керек кеңестер"
«Керек кеңестерден» кеңес алыңыз
Өмірдің әр саласында әркімнің өз көрген-білгені, көңілге түйгені бар. Осы тұрғыда ол туыстарына ғана емес, қажет еткен басқа жандарға да пайдалы ақыл-кеңестерін беріп отырады. Ал мұндай сауапты іске газеттер атсалысса, оның көпшілікке берері тіпті де еселене түспек. Бұл бағытта «Замананың» қосымшасы – «Керек кеңестер» газетінің атқарып жатқан істері жетерлік.
«Керек кеңестер» газетінің биылғы 1-ші нөмірі жарыққа шықты. Онда тұрмыс-тіршіліктің сан саласын қамтитын түрлі кеңестер молынан жарияланған. Оқыңыз, керегіңізге жаратыңыз!
SMS
"Замана" арқылы сәлемдеме жолдай аласыз
Құрметті оқырман!
Сіз бұдан былайғы жерде «Замана» газетінің редакциясына, сондай-ақ біздің газеттің барлық жердегі оқырмандары үшін өз атыңыздан шұғыл түрде, тікелей телефон арқылы
SMS – хабарлама
жолдай аласыз. Атап айтқанда, Сіз біздің арнайы ұялы байланыс телефондарымызға хабарласа отырып, мынадай мәселелер бойынша жеке басыңыздың сәлемдемесін жеткізуіңізге болады:
– сүйінші сұрау; алғыс айту; жоқ іздеу; ескертпе жолдау; қуаныш бөлісу; өмірлік жар іздеу; басқа да құлақтандырулар.
Сіздердің SMS – хабарламаларыңыздың ең өзекті, зәру дегендері газетімізде тегін жарияланатын болады. Ол үшін аты-жөндеріңіз бен телефон нөмірлеріңізді көрсетуді де ұмытпасаңыздар екен.
* Ассалаумағалейкүм! Аллаһтың әмірін бұлжытпай орындайтын, Пайғамбардың сүннетін жанына жылу еткен, Имам Ағзам Әбу Ханифа мазһабын ұстанатын, шариғат ілімінен хабары бар, өте әдепті, ибалы да инабатты мұсылман қыздармен танысқым келеді. 81-ші жылғымын. Жеңіл ойлылар мазаламауын өтінемін. 8-775-712-34-03.